• 22.11.2019

    "Қазақфильм" президентінің алғашқы 100 күні

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Құрметті достар

    Өздеріңіз жақсы білетіндей, үстіміздегі жылы 12-ші тамыз күні мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы президентінің міндетін атқарушы қызметіне, ал тамыздың 22-сі күні киностудияның президенті қызметіне тағайындалдым. Әдетте, 100 күн өткен соң жаңа Басшы жұмысының бастауына баға беріледі. Сондықтан да осы уақыт аралығында атқарған қызметімнің нәтижесімен сіздермен бөлісуге жөн көріп отырмын. 

    ● ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жекешелендіру тізімінен шығарылды. 
    ● Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 10 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Қазақфильм» киностудиясына жұмыс сапармен келді. Кездесуде 2025 жылға дейін киностудияның модернизациясы және қайта қалпына келтіруі туралы мәселелер талқыланды. 
    ● Осы уақыт аралығында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақфильм» киностудиясына екі мәрте келді. Кездесулер барысында «Қазақфильм» территориясының тұтастығын сақтап қалу туралы сөз айтылып, өзара түсінушілік орын алды. 
    ● Ерекше архитектуралық жобалар негізінде салынған «Қазақфильмнің» ғимараттары тарихи-мәдени мұра ескерткіштері объектілері ретінде республикалық маңызы бар архитектуралық ескерткіштері болып танылды. 
    ● Шәкен Аймановтың 105 жылдығы және Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына орай, сонымен қатар Қазақ куклалы анимациясының 50 жылдығына орай Ш.Айманов атындағы Қазақ киносының мұражайы ашылды. Осы мәдени іс-шара барысында қазақ анимациясының дамуына үлес қосқан ардагер мультипликаторларға «Қазақ анимациясына 50 жыл» тақырыбында арнайы шығарылған күміс монета және пошта маркасы табысталды. 
    ● Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «Томирис» , «Қыз бен теңіз» және «Бала ғашық» фильмдерінің тұсаукесері табысты өтті. ☆ Швецияда, Ресейде, Францияда, Беларусияда Ұлыбританияда, Монголияда, АҚШ-та, Люксембургте және Финляндияда Қазақ киносының фестивалі ұйымдастырылды. 
    ● ҚР кинематографистер одағымен бірлесе отырып кезінде оқырмандар арасында өте танымал болған «Жаңа фильм» журналының қайта шығуы туралы инициативаны қолға алдық. Жаңа басылымды қаржыландыру мәселесі де шешілді. 
    ● Кеше ғана Мәскеу қаласынан оралдым. Онда қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған Қазақстандық кино апталығы өтті. Осы іс-шара барысында «Қазақстан мен Ресейдің кино өндірісі саласындағы ынтымақтастығы» атты дөңгелек үстелге қатыстым. Ресейлік кинематографитердің қатысуымен өткен бұл кездесу өте сәтті өтті. Бүгінде бірлесіп фильм түсіру мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. 
    ● 12 тамыз – 22 қараша аралығында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильмнің» 31 фильмі 30 халықаралық кинофестивальдерге қатысып, 18 жүлдеге ие болды. Осы жылдың соңына дейін киностудияның фильмдері тағы да 15 халықаралық фестивальге қатысады. 
    ● Қазақ киносының тарихында алғаш рет «Қазақфильм» киностудиясының үш бірдей фильмі «Алтын глобус» киножүлдесіне үміткерлер тізіміне кірді. Сондай-ақ «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі «Оскар» жүлдесіне үміткерлер қатарынан көрінді. 
    ● Алғаш рет Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының логотипіне халықаралық деңгейде патент алынды (кириллица және латын графикасында). 

    Құрметті достар! 
    Бұл үлкен жолдың бастауы ғана. Алда әлі талай маңызды істер күтіп тұр. Қазақ киносының мәртебесін асқақтатып, Ұлттық «Қазақфильм» киностудиясының бұрыңғы танымалдылығын сақтап қалу жолында аянбай еңбек етуіміз керек! Бірігіп жұмыс істейтін болсақ үлкен нәтижелерге жететінімізге кәміл сенемін!


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019