• 18.11.2019

    «Қазақфильм» киностудиясының президенті Арман Әсенов «Қазақстан мен Ресейдің кино өндірісі саласындағы ынтымақтастығы» атты дөңгелек үстелге қатысады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    19 қарашада Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде «Қазақстан мен Ресейдің кино өндірісі мен кинопрокат саласындағы ынтымақтастығы» атты дөңгелек үстел өтеді. Бұл іс-шара қазақтың заңғар жазушысы, белгілі мемлекет және коғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай  ұйымдастырылған Мәскеудегі Қазақстан киносы күндері аясында өтеді.

     

    Аталған маңызды басқосуға Қазақстан мен Ресейдің кино саласының қайраткерлері – киностудиялардың басшылығы, продюсерлер, режиссерлер, сценаристер, актерлер, екі елдің мәдениет ведомство өкілдері қатысады. Кездесу барысында олар әдістемелік тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстан мен Ресейдің киноөндіріс саласындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастыратын болады. Дөңгелек үстелде қозғалатын басты тақырыптар: бірлесіп  фильм түсіру және оларды қаржыландыру мәселелері, екі елдегі кинокомиссия және рибейт жүйесі, қазақстандық студиялардың қуаттылығы.         

     

    Қазақстанның атынан дөңгелек үстелге қатысатын спикерлер: ҚР МСМ Мәдениет және өнер департаментінің директоры Әділет Омаров,  Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, продюсер Арман Әсенов, Алматы қаласы мәдениет департаментінің директоры Эрнар Құрмашев, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  режиссер, сценарист және продюсер Ақан Сатаев. Сонымен қатар, бұл кездесуге «Шыңырау» фильмінің продюсері Базар Әбділдина және композитор Ренат Гайсин қатысады.

     

    Дөңгелек үстел барысында Ресейдің кино өндірісі туралы «Мосфильм» киноконцерннің Басқарма төрағасы және Бас директоры, кинорежиссер, продюсер және қоғам қайраткері Карен Шахназаров, Ресей продюсерлер гильдиясының президенті, актер, кинорежиссер, сценарист әрі продюсер Ренат Давлетьяров сынды белгілі киногерлер ой бөлісетін болады.

     

    Естеріңізге сала кетсек, қарашаның 18-і мен 23-і аралығында Мәскеуде өтетін Қазақстан киносы күндері аясында «Қазақфильм» киностудиясының  «Шыңырау»«Томирис»«Анаға апарар жол» және «Әміре» фильмдері көрсетіледі. Бүгін, мәдени іс-шараның ашылу салтанатынада Әбіш Кекілбаевтың повесі бойынша түсірілген «Шыңырау» фильмі (режиссері Жаңабек Жетіруов) көрсетілмек. Ал Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі осы мерекенің жабылуында ұсынылады. Бұл аталған фильмдерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

     

    Дөңгелек үстел өтетін орын: Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі (Чистопрудный бульвар, 3а).

    Өтетін күні мен уақыты: 19 қараша, 12:00.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019