• 14.11.2019

    Түркиядағы фестивальде «Күлтегін» анимациялық фильмі көрсетіледі

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Режиссер Адай Әбілдиновтың «Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі Түркияның Малатья қаласында қарашаның 15-і мен 19-ы аралығында өтетін 9-шы Халықаралық Malatya кинофестиваліне қатысады. Бұл тарихи туындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

    «Күлтегін» анимациялық фильм көшпенді халықтардың басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің балалық шағы туралы баяндайды.

    Халықаралық Malatya кинофестивалі Түркияның Мәдениет министрлігі және Малатья қаласының басшылығы қолдауымен ұйымдастырылған. Мәдени іс-шараның мақсаты - әлемнің кәсіби киногерлерін бір алаңда жинау. Биыл фестиваль барысында негізі және конкурстан тыс бағдарламалардың көрсетілімдері ұйымдастырылып, шеберлік сағаттар өткізіледі. 


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019