• 17.10.2019

    Минскіде қазақ киносының фестивалі өтеді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    18-20 қазан аралығында Минскіде қазақ киносының фестивалі өтеді. Мәдени іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарының назарына әр түрлі жанрда түсірілген отандық кинотуындылар ұсынылады.

     

    Фестивальді Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырып отыр. Айта кетсек, бұл іс-шараны Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың алдағы Қазақстанға жоспарланған ресми сапары қарсаңында өткізіліп отыр.

     

    Қазанның 18-нде фестивальдің ашылу салтанатында қазақтың тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі туралы баяндайтын «Әміре» фильмі көрсетіледі. Сондай-ақ іс-шара барысында «Қазақфильм» киностудиясының басқа да туындылары – Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ»,  Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол», Фархат Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы хикая, Ермек Тұрсыновтың «Шал» және «Шырақшы» фильмдері ұсынылады. Ал кішкентай көрермендер толықметражды «Мұзбалақ» (реж. Тұрдыбек Майдан и Тілек Төлеуғазы) анимациялық  фильмін тамашалай алады.

     

    Фильмдер Минск қаласындағы «Беларусь» кинотеатрында (Романовская Слобода көшесі, 28) көрсетіледі. Кіру тегін. 



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019