• 12.08.2019

    "Қазақфильм" киностудиясы президентінің міндетін атқарушы тағайындалды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Бүгін, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұжымымен кездесуде киностудия президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалған Арман Әсеновты таныстырды.

     

    ҚР еңбегі сіңген қайраткері, актер, продюсер Арман Әсенов 1972 жылы 17 сәуірде Германияның Ваймар қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын(экономист), 1998 жылы Мәскеудегі С. Эйзенштейн атындағы режиссерлық курсын, 2000 жылы ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қаржы институтын (қаржы менеджменті) тәмамдаған.

     

    Кино әлеміне 90-шы жылдардың басында келді. Осы уақыт ішінде актер және продюсер ретінде кино сүйер қауымға және шетелдің көрермендеріне жақсы таныс 20дан астам кинотуындыларға қатысты.

     

    Жастар сыйлығының лауреаты және көптеген мемлекеттік және мерейтойлық наградаларының иесгері.

     

    Естеріңізге сала кетсек, "Қазақфильм" киностудиясының бұрынғы президенті Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, ақын, сценарийші, кинорежиссер,
    Бақыт Қайырбеков киностудияны 2015 жылдан бастап басқарды.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019