|
Художественный фильм, 2018
«Елбасы Жолы. Астана» фильміне Астанамыздың салыну тарихы арқау болған. Оқиға 1994 жылдың шілде айынан бастау алады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін қайта құрылған мемлекет – Қазақстанның тәуелсіз дара жолы басталады. Экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздыққа тап болған сол бір қиын-қыстау кезеңдерде, мемлекет Президенті астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынады. Бұл ұсыныс барша халық үшін күтпеген оқиға болды, мұндай шешімнің іске асатынына және оның жемісті болатынына ешкім сенбеді.
|
|
|
Художественный фильм, 2018
«Тренинг личностного роста» фильмі жасы қырыққа келген, орта жас күйзелісін бастан кешіріп жүрген банк қызметкері Қанат туралы баяндайды. Ол –армандамайтын, өмірден ештеңені күтпейпін жан, өзін және өмірлік ұстанымдарын жоғалтқан. Бірде Қанат тұлғалық қалыптасу – көшбасшылық қасиеттерді дамыту тренингіне барады.
|
|
|
Художественный фильм, 2018
Өркениеттен тыс қалған ауылдың бірінде учаскелік полицей ауылды басып алған қылмыскерлермен күреске түседі. Ұрланған құнды заттарға толы жүк көлігі осы ауылда сынып қалғандықтан, қылмыскерлер жүк қоймасын іздеп, осы ауылда тоқтауға мәжбүр болады.Олар екі күннің ішінде жерге көмілген бағалы жүктерін қазып алып,ешкімге зиян келтірмей ауылдан қашып кетуді көздейді.
|
|
|
Художественный фильм, 2018
Тағдырдың жазуымен бар өмірін елден жасырын өткізген адамның ортамен байланысы ақыры трагедиямен аяқталады. Осындай талайлы тағдырлар арқылы азаттық аңсаған ата-бабаларымыздың арманы – тәуелсіздіктің қадір-қасиеті көрінеді. Талан – тағдырдың синонимі.
|
|
|
Художественный фильм, 2018
Фильмнің желісі бойынша картинаның басты кейіпкері Самат отыздан асса да әлі күнге дейін отбасын құрмаған сүрбойдақ. Жан досын үйлендіруді көздеген Бауыржан Саматпен бірге қалыңдық іздеп қалаға аттанады. Осы жолда екі дос қызықты да шытырман оқиғаларды бастан өткізеді. Фильмдегі оқиға 80 млн. теңге тұратын Цин әулетінің XIV ғасырдағы құмыраның Ұлттық мұражайдан ұрлануымен қоса өрбиді.
|
|
|
Художественный фильм, 2017
«Біздің қаланың ханзадасы» - бұл Бибол есімді ерекше бала мен профессор, музыкант- Қасымхан шал туралы әсерлі оқиға. Фильмнің өн бойындағы көктей өтетін сюжеттің негізгі желісі - өзгелерге өмірлік үлгі бола білген бала мен қарттың кездейсоқ кездесуі болып табылады. Адамның рухани және адамгершілік қасиеттерінің арқасында ғана шын бақытқа жетуге болады. Бұл фильмдегі оқиғаларға ерекше драматизм беріп тұрған нәрсе бір-біріне мүлде бөтен бас кейіпкерлердің соңында етене жақын болып кетулері. Және оларды ешнәрсе де ажырата алмайды. Фильм 2015 жылы өндіріске жіберілді.
|
|
|
Художественный фильм, 2017
Фильм ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қызыл әскердің жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасы туралы. Бас кейіпкер Базарбай қарттың бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті пуштун ұлтынан келіншек алады. Ал қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Сапарқұл соғыс кезінде моджахеттер жағында соғысады. Жылдар өтеді. Базарбайдың отбасы Қазақстанға көшуге рұқсат беретін квота алады. Барлығы жолға жиналады. Таулы қышлақтан шыққан отбасыны ұзақ жол күтеді.
|
|
|
Художественный фильм, 2016 ж.
ХV ғасырдың орта тұсы. Қара теңіз жағалауынан Моңғолияға дейінгі Еуразия кеңістігінде бір кезде зор қуатты империя болған Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше жеке хандықтар құрылды. Олардың ішінен қазіргі Қазақстанның аумағын жайлап жатқан Ақ орда ерекшеленді. Ақ орда билігі Шыңғысханның немересі, Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің әулетіне тиесілі болды. Арада уақыт өте келе Шайбаниттердің кіші тармағынан шығатын Әбілқайыр өз билігін күшейтіп, жеке хандық құрды. Ол көшпенділерге қатыгез, аяусыз саясат ұстанған болатын.
|
|
|
Художественный фильм, 2016
Фильмнің желісі қазақ халқының ХХ ғасырда бастан кешкен күрделі тарихи кезеңдерден құрылған, атап айтсақ, күштеп жүргізілген ұжымдастыру науқаны, ұлттың басына түскен ұлы трагедия – жұт (ашаршылық), Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі бейнетті жылдар. Фильм өмірдің ауртпашылығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген, жат елде тұтқында болған Ілияс есімді жігіттің тағдырын баяндайды. Бөтен жерде айдауда жүрсе де, жат елдің зорлық-зомбылығын көріп, қиянатын кешсе де, жалғыздықтың тауқіметін тартса да, бас Қаһарман атажұртын аңсап, анасын сағынып, туған жеріне оралатынына ешқашан күманданбайды.
|
|
|
Художественный фильм, 2017
Кинотуынды қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың (1888-1934 жж.) қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. 1925 жылы Парижде өткен Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes шеңберінде өткен бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы Әмре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, екінші орынды және күміс медаль иеленді. Фильм, сондай-ақ, дарынды әншінің Мұстафа Шоқаймен кездесуі, джаз орындаушысы Джордж Гершвинмен танысуы және туған жеріне оралғанда басты кейіпкердің бастан кешкен сынақтары туралы сыр шертеді.
|
|