|
Художественный фильм, 2019
Аталған спорттық драма Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінің палуаны, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы баяндайды.
|
|
|
Художественный фильм, 2019
«Уақыт жолдары» фильмі Тянь-Шань тауының бөктеріндегі кішкентай ауылда тұратын тату отбасы туралы баяндайды. Олар шулы қаладан және тұрақсыздықтан алыста, жылқы бағумен айналысады. Бір күні жылқы ұрлайтын топ алысқа отағасын алдап апарып, аяусыз өлтіреді де табын жылқыны айдап әкетеді. 12 жасар Олжас, топтың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, отбасыларына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге кешеді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қол ұшын созады.
|
|
|
Художественный фильм, 2019
Бұл ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы фильм. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.
|
|
|
Художественный фильм, 2018
Фильм – Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соң елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетумен айналысады. Ол киноның көмегімен әлемді жақсартуға болады деп сенеді.
|
|
|
Художественный фильм, 2019
Көркем лента қытайлық композитор Сянь Синхайдың Совет одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды.
|
|
|
Художественный фильм, 2019
Қазақ сал-серілерінің соңғы тұяғы, тарихта «Балуан Шолақ» деген атпен белгілі өзі балуан, әрі ақын әрі сері Нұрмағанбет Баймырзаұлы жайындағы бұл фильмде ақынның ел басына қиын-қыстау күн туған шақта жасаған ерлігі баян етіледі.
|
|
|
Художественный фильм, 2019
XV ғасырдың орта шені. Шыңғыс хан мен Әмір Темір империяларының қирандысының орнына бірнеше ұлыстар бой көтерген. Орыс хан тағын күшпен иеленіп, 40 жыл бойы жеке дара билік құрған Әбілқайыр ханның ауыр езгісі - Дешті қыпшақ жұртының жаппай наразылығын тудырды.
|
|
|
Художественный фильм, 2017
Өзінің жазылмайтын ауруына қарамастан, Әсел есімді бойжеткен отбасын құрып, ана атану үшін өмірдің бар қиыншылығына көнуге дайын. «Арман алға жетелейді» демекші, Әсел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді.
|
|
|
Художественный фильм, 2018
Ағатай есімді қарттың ешкімі жоқ. Сүйген жары қайтыс болған.Араларында балалары болмаған. Ағайын-туысқандары да қалмаған. Фильмге өз ортасынан безіп, далаға барып тұруды көздеген қарт кісінің өмірі арқау болған. Әйтсе де данагөй, пәлсапашының жолында балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек бала кезігіп, оның бастапқы жоспарын бұзып кетеді.
|
|
|
Художественный фильм, 2018
Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі бойынша түсірілген көркем фильм Еңсеп есімді құдықшының өмірін, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін қиындықтар туралы, атап айтсақ, бақталастық, менмендік, махаббат, достық пен сатқындық туралы баяндайды.
|
|