Фильмдер
Аталған спорттық драма Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінің палуаны, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы баяндайды.
Бұл ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы фильм. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады...
Фильм соғыстан оралған сарбаздың тарихын баяндайды. Оның қолында ескіфильмдері бар кинопроектор бар, құтқарылған қарт неміс сыйға тартқан. Өмірінің соңына дейін сарбаз кинопроекторы мен айырылмайды...
Көркем лента қытайлық композитор Си Синхайдың Совет одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды.
ПО ТИПУ: ГОД ВЫПУСКА:
«Домбыра»

Короткометражный фильм, 2018

Бұл фильм домбыраның құлағында ойнап, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған Әсет есімді баланың өмірін баяндайды.


Біздің қаланың ханзадасы

Художественный фильм, 2017

«Біздің қаланың ханзадасы» - бұл Бибол есімді ерекше бала мен профессор, музыкант- Қасымхан шал туралы әсерлі оқиға. Фильмнің өн бойындағы көктей өтетін сюжеттің негізгі желісі - өзгелерге өмірлік үлгі бола білген бала мен қарттың кездейсоқ кездесуі болып табылады. Адамның рухани және адамгершілік қасиеттерінің арқасында ғана шын бақытқа жетуге болады. Бұл фильмдегі оқиғаларға ерекше драматизм беріп тұрған нәрсе бір-біріне мүлде бөтен бас кейіпкерлердің соңында етене жақын болып кетулері. Және оларды ешнәрсе де ажырата алмайды. Фильм 2015 жылы өндіріске жіберілді.

«Оралман»

Художественный фильм, 2017

Фильм ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қызыл әскердің жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған  қазақ отбасы туралы. Бас кейіпкер Базарбай қарттың бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті пуштун ұлтынан келіншек алады. Ал қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады.  Сапарқұл соғыс кезінде моджахеттер жағында соғысады. Жылдар өтеді. Базарбайдың отбасы Қазақстанға көшуге рұқсат беретін квота алады. Барлығы жолға жиналады. Таулы қышлақтан шыққан отбасыны ұзақ жол күтеді.

«Алмас қылыш» («Қазақ Елі» сериалының кинонұсқасы)

Художественный фильм, 2016 ж.

ХV ғасырдың орта тұсы. Қара теңіз жағалауынан Моңғолияға дейінгі Еуразия кеңістігінде бір кезде зор қуатты империя болған Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше жеке хандықтар құрылды. Олардың ішінен қазіргі Қазақстанның аумағын жайлап жатқан Ақ орда ерекшеленді. Ақ орда билігі  Шыңғысханның немересі,  Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің әулетіне тиесілі болды. Арада уақыт өте келе Шайбаниттердің кіші тармағынан шығатын Әбілқайыр өз билігін күшейтіп, жеке хандық құрды. Ол көшпенділерге қатыгез, аяусыз саясат ұстанған болатын.

Анаға апарар жол

Художественный фильм, 2016

Фильмнің желісі қазақ халқының ХХ ғасырда бастан кешкен күрделі тарихи кезеңдерден құрылған, атап айтсақ, күштеп жүргізілген ұжымдастыру науқаны, ұлттың басына түскен ұлы трагедия – жұт (ашаршылық), Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі бейнетті жылдар. Фильм өмірдің ауртпашылығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген, жат елде тұтқында болған Ілияс есімді жігіттің тағдырын баяндайды. Бөтен жерде айдауда жүрсе де, жат елдің зорлық-зомбылығын көріп, қиянатын кешсе де, жалғыздықтың тауқіметін тартса да, бас Қаһарман атажұртын аңсап, анасын сағынып, туған жеріне оралатынына ешқашан күманданбайды.

Әміре

Художественный фильм, 2017

Кинотуынды қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты  біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың (1888-1934 жж.) қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын  баяндайды. 1925 жылы Парижде өткен Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes шеңберінде өткен бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы Әмре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, екінші орынды және күміс медаль иеленді. Фильм, сондай-ақ, дарынды әншінің Мұстафа Шоқаймен кездесуі, джаз орындаушысы Джордж Гершвинмен танысуы және туған жеріне оралғанда басты кейіпкердің бастан кешкен сынақтары туралы сыр  шертеді.

Жұлдыздар тоғысқанда

Художественный фильм, 2016

Ағылшын жазушысы Джереми Вильсон Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын жазу үшін онымен кездесуге қол жеткізеді. Алайда журналист пен Елбасының белгіленген сұхбаты бүкіл елді аралаумен, тарихқа көз жүгірткен ұзақ уақытқа созылған қызыққа толы саяхатқа ұштасады.

Он алты қыз

Художественный фильм, 2016

Нұржан мен Сәлиманың арманы - немерелі болу. Бірақ Бауыржан сүйген қызына үйленгісі келеді. Оның үстіне, ата-анасы «бел құда» салтымен айттырып қойған қалыңдығы Айжанның ұнатқан жігіті бар. Егер Күләш тәтейге тон қажет болмағанда бұл әрекеттен түкшықпас еді. Ару қыздар байқауы, үндістермен айқас, жол бойындағы шытырман – осынау әдемі тон үшін кейіпкерлеріміз қандай қиындықты бастан кешпейді дейсің!

Шал

Художественный фильм, 2012

Жапан түзде − бір қария, оның жесір келіні және немересі − өмір сүріп жатты. Шағын отбасы. Тыныш, бейбіт, тату әулет. Көпті көрген қарияның мұраты — көрген-білген, жиған-терген үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие, жақсы қасиеттерін немересінің бойына сіңіру. Қарттың ойынша, пенде қашанда ақ жолдан таймауы тиіс. Ұлы далада ескіден келе жатқан ұлы низам бар: жақсылықтың өтеуі алдағы өмірде, тіршіліктің темірқазығы − ар-ұят, абырой-бедел, қанағат- сабыр. Ұлы даланың ұлы дәстүрі ешқашан үзілмеуі тиіс. Қарияны осы толғандырады.

Прыжок Афалины

Художественный фильм, 2009

Действие происходит на фоне президентских выборов 2005 года. В борьбу  за высший государственный пост выступают разные политические силы. Некоторые из них считают, что криминал – всего лишь один из методов достижения цели. Но преступники, зная уровень подготовки спецслужб, избрали весьма неординарного киллера для покушения на действующих глав двух государств – дельфина.

1 2 3 4 5 ... 9
Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020