• 05.03.2019

    «Қазақфильм» еліміздің 24 қаласында кастинг өткізеді


    Астана, BAQ.KZ. «Қазақфильм» киностудиясының «Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериалына кастинг әлі де жалғасып жатыр. Енді барлық қазақстандықтар өз бағын сынап, кастингке қатыса алады.  Кастинг еліміздің 24 қаласында өтеді.
    "Өздеріңіз жақсы білетіндей, Алматыда кастинг ақпанның 25-нен бастап өтіп жатыр. 31 наурызға дейін жалғасатын бұл кастингке алматылықтар белсенділікпен қатысуда. Алғашқы кезде  күн сайын 500 адамнан қабылдадық. Поштамызға 9000-нан астам мәлімдеме келіп түсті. Кастинг Талдықорғанда да өтті. Енді міне, еліміздің 24 бірдей қаласында кастинг өткіземіз. Кастингке кәсіби актерлер де, қарапайым қала тұрғындары да қатыса алады", - деді жобаның кастинг бойынша продюсері Алма Баймұратова.

    Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы барлық қазақстандықтар (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады.

    Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020