• 08.08.2019

    «Қазақфильм» тарихи киноға кастинг жариялады


    Алматы, BAQ.KZ. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Жаңғырық» атты толықметрлі көркем фильмнің өндірісіне кастинг жариялады.

    Бұл кинотуынды қазақ даласына жер аударған революционер, құнды этнографиялық жазбалар қалдырған поляк жазушысы Адольф Янушкевичтің тағдыры туралы баяндайды.  

    Фильмнің режиссері– Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Франция киноакадемиясының Жорж Садуль атындағысыйлығының лауреаты,  «Платиналы Тарлан» Тәуелсіз жүлдесінің иегері СатыбалдыНарымбетов («Балалық шағымның Дон Кихоты» (1978 ж.), «Көзімнің қарасы» (1994 ж.), «Қызжылаған»(2002 ж.), «Мұстафа Шоқай»(2008 г.), «Аманат» (2015 г.).

    «Қазақфильм» киностудиясы аталған жобаға басты және эпизодтағы рөлдерге актерлер кастингін жариялағанын мәлімдеді.  

    Актерлерге қойылатын талаптар мынандай:

    •    5-14 жас аралығындағы ұл балалар мен қыз балалар;
    •    15-20 жас аралығындағы жігіттер мен бойжеткендер;
    •    21-65 жас аралығындағы ер адамдар мен әйел адамдар (ер адамдар атқа міне алулары қажет).

    Сондай-ақ кастингке барлық ұлт өкілдері қатыса алады.

    Алматы қаласында кастинг жұмыстары 9 тамыздан басталады.  

    Мекен жайы: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «ПЛК» ғимараты, 264 кабинет. Жұмыс уақыты – күнделікті сағат 10.00-нан 18.00-ге дейін.  

    «Одан бөлек, барлық үміткер өздері туралы анкеталық ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы, салмағы, кинодағы тәжірибесі, байланыс телефондары) толтырып, сондай-ақ, фотоға түсіп (тұла бойы, ірі планда анфас және ірі планда профиль) ekho2019@gmail.com электрондық поштасына жіберулері қажет», - делінген хабарламада.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020