• 18/02/2017

    Астанада «Ресей киносы күндерінің» ашылуы өтті

    Астанада «Ресей киносы күндерінің» ашылуы өтті

    Астанада Ресей киносы күндері  2017 жылдың 17 – 19 ақпан аралығында өтеді. Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Ресей Федерациясы мәдениет министрлігінің қатысуымен өткізіліп отыр.

  • 17/02/2017

    Алматыда жаңа деректі фильмнің көрсетілімі өтті

    Алматыда жаңа деректі фильмнің көрсетілімі өтті

    Бүгін Алматыда Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Бейсетай Дәуренбеков және 12 тағдыр» атты жаңа деректі фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды. Фильмнің режиссері Қайрат Қуанышбаев.

  • 16/02/2017

    «Алмас қылыш» фильмі қазақстандық прокатта көшбасшылар қатарынан көрінді

    «Алмас қылыш» фильмі қазақстандық прокатта  көшбасшылар қатарынан көрінді

    2017 жылы қаңтардың 5-нен үлкен экрандарға жол тартқан Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ Елі» киносериалының кинонұсқасы – «Алмас қылыш» көркем фильмінің бүгінгі күннің есебі бойынша жинаған сомасы 72 млн 172 мың теңгені құрап отыр. Алғашқы екі апта ішінде 2,5 мыңнан астам сеанс, оның 60% қазақ тілінде, ал 40% орыс тілінде көрсетілді. Фильмнің кинотеатрлардағы көрсетілімі әлі де жалғасуда.

  • 15/02/2017

    «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері Шәкен Аймановтың ескерткішіне туған күніне орай гүл шоғын қойды

    «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері  Шәкен Аймановтың ескерткішіне туған күніне орай гүл шоғын қойды

    15 ақпан күні КСРО халық артисі, КСРО және Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, КСРО кинематографистеродағының мүшесі, көрнекті театр және кино актері, белгілі кинорежиссер, ұлттық дүниетанымды  экрандық өнерде алғаш бейнелеген  ұлы суреткер – Шәкен Кенжетайұлы Айманов 103 жасқа келіп отыр.Осыған орай Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ басшылығы, режиссер Сатыбалды Нарымбетов, Нұрлан Санжар, Ерболат Тоғызақов, Қазақстан кинематографистер одағының тең төрағасы Ахат Ибраев және «Қазақфильмнің» қызметкерлері қазақ киносының майталманы ескерткішіне гүл шоғын қойды.

1 2 3

Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019