• 20.05.2019

    «Ата-кәсіп» деректі фильмі Севастопольде өткен кинофестивальден жүлдемен оралды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Режиссер Берік Жахановтың «Ата-кәсіп» фильмі Севастопольдағы XV «Победили вместе» халықарылық деректі фильмдер және телебағдарламалар кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды. Деректі фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов киностудиясы түсірген.


    Ресей және басқа да елдердің шығармашылық адамдарының басын қосқан аталмыш фестиваль Севастопольде 2019 жылғы мамырдың 12 мен 18 аралығында өтті. Айта кетсек, биыл фестивальдің конкурстық бағдарламасына «Қазақфильм» киностудиясының тағы бір туындысы –Николай Раисовтың «Соғыстың 60 күні» фильмі қатысқан болатын.


    - Маған сеніп, алғашқы деректі фильмді түсіруге қолдау білдірген «Қазақфильм» киностудиясының басшылығына, сонымен қатар «Деректі кино және киношежіре» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Әсет Ерназаровқа алғыс айтамын, - деді режиссер Берік Жаханов.


    «Ата-кәсіп» деректі фильмі «Қазақстанның түркі тектес халықтары» циклы бойынша арнайы түсірілген. Бұл деректі цикл көп ұлтты Қазақстанда тұратын түркі этносына арналған. Аталған деректі фильм өзбек ұлты туралы, оның ішінде ата-кәсіп – бесік жасаумен айналысатын 47 жастағы Абдуманат Зупаров есімді шебердің өмірін баяндайды.


    Айта кетсек, былтыр «Ата кәсіп» деректі фильмі Алматыда өткен VII Халықаралық «Бастау» кинофестивалінде Ораз Әбішев атындағы жүлдені иемденді. Сондай-ақ Бауыржан Нөгербектің 70 жылдығына арнайы ұйымдастырылған кинофестивальде қазылар алқасының жүлдесімен және "Vosmerka.kz" сайтының арнайы жүлдесімен (тақырыпқа терең үңіліп, деректі фильмдерді түсіру дәстүріне бар ықыласпен берілген үшін) марапатталды.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019