• 16.03.2019

    Венера Қайыржанова түсірген «Тығылмақ» фильмі Қырғызстанда өтетін кинофорумға қатысады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған режиссері Венера Қайыржанованың «Тығылмақ» атты қысқаметражды фильмі 15-16 наурыз аралығында Бішкекте өтіп жатқан  әйел  режиссерлеріне   арналған  III  Қырғызстан  Кинофорумына  қатысады. «Азияның шығармашылық әйелдері» қоғамдық қоры ұйымдастырған бұл кинофорум былтырдан бастап халықаралық деңгейге өткізіледі, сондықтан да бұл іс-шараға  ТМД елдерінің әйел режиссерлері де қатыса алады.   

     

    Қырғызстанның, сондай-ақ Орталық Азия мен ТМД елдерінің әйел режиссерлерін қолдау мақсатында құрылған форум нәзік жанды киногерлердің басын қосып, тәжірибе алмасуға кең мүмкіндік береді.

     

    - Әйел режиссерлеріне арналған кинофорумға бірінші рет қатысып отырмын, сондықтан да өте қуаныштымын. Қызықты өтетініне сенімдімін. Әйел киногерлермен танысуға және пікір алмасуға мүмкіндік беретін осындай алаңдардың бар болғаны өте керемет, - деді режиссер Венера Қайыржанова.  

     

    Естеріңізге сала кетсек, «Тығылмақ» фильмі ересектер проблемасына куә болған екі кішкентай қыз туралы баяндайды.  Былтыр бұл кинотуынды әлемдік қысқа метрлі фильмдерге арналған Канн фестивалінің кәсіби бөлімі – Short Film Corner бағдарламасында көрсетілген болатын.  Сондай-ақ, картина Санкт-Петербургтағы V халықаралық «Inтонации» кинофестивалінде «Фильмдегі ерекше дыбыс шешімі үшін Григорий Яковлевич Франк атындағы арнайы сыйлықпен» марапатталды,  Moscow Shorts-18 атты тағы бір ресейлік кинофестивальде үздік сценарий призін жеңіп алды. 

     

    Сонымен қатар, аталған картина бірнеше халықаралық кинофорумдардың конкурстық бағдарламаларында көрсетілген болатын: 14-ші «Еуразия» ХКФ, 1-ші халықаралық «Ertis Cinema» (Павлодар)  қысқаметражды көркем фильмдер және деректі фильмдер фестивалінде, 3-ші республикалық «Байқоңыр» фестивалінде, 7-ші «Бастау» студенттік фильмдер мен киномектептер халықаралық кинофестивалінде және Б.Нөгербектің 70-жылдығына орай Астанада өткен кинофестивальде көрсетілді.

     

    Ал жуырда Венера Қайыржанованың фильмі қаңтар айында Португалияның Лиссабон қаласында өткен The "16° Internacional Festival Signos de la Noite" атты 16-шы ХКФ конкурстық бағдарламасына, сондай-ақ  XIX рет Германияның Карлсруэ қаласында өткен The Independent Days International Filmfestival (IDIF) фестивальдің конкурсына қатысқан болатын.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018