• 15.03.2019

    Татарстанда Қазақ кино күндері өтіп жатыр

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Үстіміздегі жылы наурыз айының 15-і мен 18-і аралығында, Наурыз мерекесіне орай, Қазан қаласында Қазақстан кино күндері өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және «Татаркино» бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін мәдени іс-шара аясында «Қазақфильм» киностудиясында әр жылдары жарыққа шыққан үздік отандық фильмдер көрсетіледі.

     

    Аталған мәдени іс-шараның негізгі мақсаты кинематография саласындағы екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ ресейлік көрермендерді Қазақстанның заманауи киносымен таныстыру.

     

    Қазақ киносының күндері бүгін, наурыздың 15-нде ресейлік режиссер Сергей Снежкиннің«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмімен ашылады.  Басты рөлді сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Берік Айтжанов аталған фильмді көрермендерге өзі таныстыратын болады. 

     

    «Елбасы жолы» киноэпопеясының бесінші бөлімі – «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі Кеңес  Одағының құлауы,  жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, оның ішінде Қазақстан Республикасы туралы баяндайды.  Фильм 1984-1991 жылдар аралығын қамтиды. Аталмыш көркем фильм ел тарихындағы елеулі оқиғаларға зер салып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоғам өмірінің бар саласында атқарған рөлін, сондай-ақ Мемлекет басшысының дүниежүзілік ауқымда ынтымақтастықты арттырудағы айрықша қызметін саралайды.

     

    Айта кетсек, Қазақ киносы күндері шеңберінде «Қазақфильм» киностудиясының басқа да туындылары көрсетіледі, олар: «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» режиссері Рүстем Әбдірашев, «Әміре» режиссері Джефри Веспа, «Оралман» режиссері Сәбит Құрманбеков,«Талан» режиссері Болат Қалымбетов. Ал 18-ші наурызда Ақан Сатаев түсірген «Анаға апарар жол» фильмі ұсынылады.  

     

    Фильмдер орыс тілінде, «Мир» кинотеатрында (Достовевский көшесі, 30) көрсетілетін болады. Кіру тегін.

     

    Көрсетілімдер кестесі:

    Күні

    Уақыты

    Фильмнің атауы

    15.03.19

    19.00

    «Жұлдыздар тоғысқанда»

    16.03.19

    18.30

    «Алмас қылыш»

    16.03.19

    21.00

    «Әміре»

    17.03.19

    15.30

    «Оралман»

    17.03.19

    17.30

    «Талан»

    18.03.19

    18.30

    «Анаға апарар жол»



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019