• 11.03.2019

    «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи картинасы прокатқа шығады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    2019 жылғы 21 наурыз күні  жалпыұлттық прокатқа «Қазақ хандығы» сериалының кинонұсқасы – «Қазақ хандығы. Алтын тақ» шығады. Фильмнің режиссері – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Әбдірашов. Ол «Құрақ көрпе», «Қаладан келген қыз», «Сталинге сыйлық», Елбасы жолы киноэпопеясының: «Балалық шағымның аспаны», «От-өзен»,  «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан» және «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» атты кинотуындыларының авторы.

     

    Аталған ауқымды жобаның екінші маусымын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Centaurus Rustem Abdrashev production»  ЖШС-нің қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

     

    Фильмнің аннотациясы: XV ғасырдың орта шені. Шыңғыс хан мен Әмір Темір  империяларының қирандысының орнына бірнеше ұлыстар бой көтерген. Орыс хан тағын күшпен иеленіп, 40 жыл бойы жеке дара билік құрған Әбілқайыр ханның ауыр езгісі - Дешті қыпшақ жұртының  жаппай  наразылығын тудырды. 1465 жылы, – Керей мен Жәнібек сұлтандар Көк Орда билеушісі Әбілқайыр Шайбаниге наразы көшпелі тайпаларды бір тудың астына жиып, Жетісу өлкесінде – «Қазақ Хандығын» құрды. Алайда, Жас ұлысты жөргегінде тұншықтырғысы келген Әбілқайыр хан, ата жауы Керей мен Жәнібекке қарсы жойқын жорыққа аттанды.Алда ұлы майдан күтіп тұрған еді. Ал Керей хан мен Жәнібек сұлтанның басты мақсаты –Сығанақтағы алтын тақты қайтарып алу болатын…. 


    Тарихи кинодилогия Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясының бірінші романы бойынша түсірілген.


    Анықтамалық ақпарат:

    Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Centaurus Rustem Abdrashev production»  ЖШС-нің қатысуымен

    Қоюшы-режиссері: Рүстем Әбдірашов
    Сценарий авторлары: Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем Әбдірашов
    Қоюшы суретші: Мұрат Карипов
    Қоюшы операторлары: Сапар Койчуманов, Александр Плотников
    Костюм жөніндегі суретші: Ажар Әубәкірова

    Жанры: Тарихи драма

    Хронометражы: 111  минут

    Тілі: қазақ тілі және «Нева» (Санкт-Петербург) студиясында орыс тіліне дубляждалған

    Грим жөніндегі суретші: Сергей Маурин 
    Бас продюсері: Арман Әсенов
    Композиторы: Әбілқайыр Әбдіраш
    Диалог текстерінің авторы: Ерлан Төлеутай
    Басты рөлде: Қайрат Кемалов, Еркебұлан Дайыров, Досхан Жолжақсынов, Иісбек Әбілмәжинов, Аян Өтепберген, Мейірғат Амангелдин, Ниязбек Шайсұлтанов, Бекболат Тілеухан, Арман Қожа, Шұғыла Сапарғали, Мадина Есманова, Ғазиза Тілеубай, Қарлығаш Мұхамеджанова, Іңкәр Әбдіраш, Фариза Ескермесова, Әшілер Сүлейменов және басқалар.  



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019