• 04.03.2019

    Венера Қайыржанованың «Тығылмақ» фильмі Германиядағы кинофестивальге қатыспақ

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Венера Қайыржанованың «Тығылмақ» атты қысқаметражды фильмі XIX рет Карлсруэ қаласында өткізіліп жатқан The Independent Days International Filmfestival (IDIF) фестивальге қатысып отыр. Кинофестиваль 2019 жылғы наурыз айының 3 мен 7 аралағында өтеді. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Аталған фестиваль Еурападағы тәуелсіз киноның ең қызықты фестивалі санатынан және Еурапалық Кинофестивальдер Ассоциациясына кіреді. Еуросоюз фестивальге EFFE (Europe for festivals - festivals for Europe/Еуропа фестиваль үшін/Фестивальдер Еуропа үшін) статусын берген.

     

    - Фильм фестивальдік ғұмырын жалғастырып жатқанына қуаныштымын. Жас режиссерлерге қолдау білдіріп жүрген «Қазақфильм» киностудиясына алғыс айтамын. Және де түсірілім тобына да мың алғыс, - деді режиссер Венера Қайыржанова.

     

    Айта кетсек, бұл кинотуынды әлемдік қысқа метрлі фильмдерге арналған Канн фестивалінің кәсіби бөлімі – Short Film Corner бағдарламасына, халықаралық «Еуразия-2018» кинофестивалінің басты байқауына, сондай-ақ  Baikonyr Short Film Festival және «Бастау» фестивальдерінің конкурстық бағдарламаларына қатысып үлгерді. 

     

    Сондай-ақ, картина былтыр Санкт-Петербургтағы V халықаралық «Inтонации» кинофестивалінде «Фильмдегі ерекше дыбыс шешімі үшін Григорий Яковлевич Франк атындағы арнайы сыйлықпен» марапатталды,  Moscow Shorts-18 атты тағы бір ресейлік кинофестивальде үздік сценарий призін жеңіп алды. 

     

    Айта кетелік, аталған картина бірнеше халықаралық кинофорумдардың конкурстық бағдарламаларында көрсетілген болатын: - 14-ші «Еуразия» ХКФ, 1-ші халықаралық "Ertis Cinema" (Павлодар)  қысқаметражды көркем фильмдер және деректі фильмдер фестивалінде, 3-ші республикалық «Байқоңыр» фестивалінде, 7-ші «Бастау» студенттік фильмдер мен киномектептер халықаралық кинофестивалінде және Б.Нөгербектің 70-жылдығына орай Астанада өткен кинофестивальде.

    Ал жуырда The "16° Internacional Festival Signos de la Noite" 16-ші ХКФ конкурстық бағдарламасына қатысқан.  Кинофестиваль 2019 жылғы қаңтар айының 4 мен 7 аралығында Португалияның Лиссабон қаласында өткен.  

    Анықтама:

     

    Өндірісі: «Қазақфильм» АҚ, «Дебют» ШӨБ

    Жанры: драма

    Хронометражы: 28 минут

    Сценарий авторы әрі қоюшы режиссеріВенера Қайыржанова

    Қоюшы операторы: Қуаныш Құрманбаев

    Қоюшы суретшісі: Сергей Крюков

    Композиторы: Никита Погадаев

    ДыбысрежиссеріҚанай Қойшин

    Атқарушы продюсері: Бану Рамазанова

     

    Венера Қайыржанова  – сценарист, режиссер. Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының Т.Қ.Жүргенов атындағы «Кино және ТВ» факультетінің түлегі, «Көркем фильмдер режиссерусы». Қысқаметражды фильмдердің авторы:  "Студенттер", "Борщ" (сорежиссері - С.Тормышева), , "Бәрі де сүйгісі қалайды", "9-шы этаждың аспаны", "Сиқырлы нан" , "Костюм", "4 орындық" "Хлоп-топ" (соңғы үшеуі – күйеуі Алдияр Байракимовпен бірлесіп түсірген).



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019