• 20.12.2018

    Алматыда «Елбасы жолы. Астана» фильмінің тұсаукесері өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Алматы қаласында «Алатау» киноконцерт залында «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Сатайфильм» кинокомпаниясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірді. Көркем кинотуындының режиссері – Ақан Сатаев.

    «Қазақфильм» киностудиясының ең ірі жобаларының бірі болып саналатын фильмнің салтанатты көрсетілімі шығармашылық топтың қатысуымен өтті.

    - Осындай ірі жобада жұмыс істеу мен үшін және менің командам үшін үлкен құрмет. Біздің фильм барлық көрермендерге арналған, өйткені бұл фильмде бәрімізге ортақ – еліміздің тарихы баяндалады. Үлкен аға-әпкелерімізден бастап, іні-қарындастарымызға дейін бұл туынды қызықты болатынына сенімдімін. Фильмді қызықты әрі шынайы етіп жасауға тырыстық. Картина тарихи фактілерге негізделген, сондықтан да фильмдегі барлық кейіпкерлер де шынайы өмірдегі адамдар, болған оқиғалардың куәгерлері , – деді режиссер Ақан Сатаев.

    Айта кетсек, «Елбасы жолы. Астана» – «Елбасы жолы» киноэпопеясының алтыншы бөлімі. Оның алдында түсірілген «Балалық шағымның аспаны»,  «От–өзен», «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан», «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмдері көрерменнің ыстық ықылас-ілтипатына бөленгені туралы айта кеткен жөн.  

    «Елбасы Жолы. Астана» фильміне Елордамыз – Астананың салыну тарихы арқау болған. Оқиға 1994 жылдың шілде айынан бастау алады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін Қазақстанның тәуелсіз дара жолы басталады. Экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздыққа тап болған сол бір қиын-қыстау кезеңдерде, Мемлекет басшысы астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынады. Бұл ұсыныс барша халық үшін күтпеген оқиға болды, мұндай шешімнің іске асатынына және оның жемісті болатынына ешкім сенбеді. Бірақ қауіп-қатер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан, көпшіліктің күдіктеріне, күмәншілдердің сыны мен қаржылық қиындықтарға төтеп бере отырып, Президенттің басшылығымен еліміз межеленген мақсатты іске асырды. 1998 жылдың 10 маусымында жаңа астана – Астана қаласының халықаралық тұсаукесері өткізілді.

    Фильмнің сценариін Әділбек Жақсыбеков және Тимур Жақсылықов бірлесіп жазған. Көркем туындының түсіру жұмыстары былтыр желтоқсан айында қолға алынды. Картинаның негізгі түсірілімдері Астанада жүргізілді. Мысалы, негізгі түсірілімдер Елордамызды Алматыдан Астанаға ауыстырғаннан кейінгі Президент Н. Ә. Назарбаев 1997–2004 жылдары аралығында жеті жыл бойы жұмыс істеген алғашқы резиденциясы – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында жүргізілді.  Мұнда жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздер өткізіліп, еліміздің тағдырына қатысты шешімдер қабылданды. Алғашқы кейпінде сақталған Мемлекет басшысының кабинеті, қабылдау және отырыс залдары сол жылдардағы жұмыс күндердің атмосферасын бірден бере алды.  

    Фильмге түскен актерлер туралы да айта кеткен жөн. Н.Ә. Назарбаевтың рөлін театр және кино актері Мұрат Ахманов сомдады. Сондай-ақ фильмге Еркебұлан Дайыров, Жан Байжанбаев және басқа да танымал кино жұлдыздары түсті. Айта кетсек, осы жобаға британдық грим бойынша суретші, «Оскар» жүлдесінің иегері Марк Кольер арнайы шақырылды. Ол Маргарет Тэтчер және Уинстон Черчильдің образдарын жасаған.

    Фильмнің түсірілімдеріне Президенттің кеңсе қызметкерлері, протокол қызметі мен Мемлекет басшысы күзет қызметкерлері кеңесші болып арнайы тартылды.


    Жанры: драма
    Өндірісі: Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ    
                     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіні тапсырысы бойынша
    Сценарий авторлары: Әділбек Жақсыбеков, Тимур Жақсылықов
    Қоюшы режиссер: Ақан Сатаев
    Қоюшы оператор: Хасанбек Қыдыралиев
    Қоюшы суретші: Назира Байбекова
    Композиторлар: Әлім Зайыров, Роман Вишневский
    Продюсері: Ақан Сатаев
    Атқарушы продюсер: Әлия Меңдығожина
    Актерлер:  Мұрат Ахманов, Еркебұлан Дайыров, Жан Байжанбаев, Олег Ни, Азат Сейітметов, Асқар Ілиясов, Гүлнар Жақыпова және басқалары.

    Анықтама:  
    Ақан Сатаев 1971 жылы 23 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келді. 1994 жылы Алматы өнер  институтының телеарна режиссері мамандығы бойынша тәмамдаған. 1994 жылдан бастап Ақан Сатаев жарнамалық роликтерді түсіріп, көзге түскен. 2003 жылы ол «Satai Film» продюсерлік компаниясын ашады. 2007 жылы режиссер және продюсер ретінде алғашқы «Рэкетир» фильмін түсіреді. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
    Фильмографиясы: «Рэкетир»  (2007) , «Ағайынды» (сериал, 2009),«Адасқандар» (2009), «Ликвидатор» (2011)» , «Жаужүрек Мың Бала» (2012), «Бауыржан Момышұлы» (2013), «Хакер» (2015),  «Рэкетир- 2» (2015),  «Анаға апарар жол» (2015), «Район» (2016), «Она» (2017), «Бизнесмендер», «Елбасы жолы. Астана» (2018) .

    Мұрат Ахманов – театр және кино актері. Ол 1959 жылы 1 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. 1976 жылы Алматы хореография училищесін, 1984 жылы қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының  актерлік, ал 1998 жылы – режиссерлік бөлімін бітірген. 1984-1993 жылдары -Талдықорған облыстық драма театрында актер, қоюшы-режиссер қызметін атқарған. 1999-2001 жылдары Жезқазған музыкалық драма театрының бас режиссері; 2001-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы драма театрының бас режиссері; 2005 жылдан Алматы облысы драма театрының директоры – көркемдік жетекшісі болып жұмыс істеді. Қазіргі таңда Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етеді.
    Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1998), «Құрмет» орденінің иегері (2012).


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019