• 14.12.2018

    «Балуан Шолақ» фильмі БАҚ өкілдеріне көрсетілді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін Алматыда «Kinopark 8 Moskva» кинотеатрында «Балуан Шолақ» атты көркем фильмнің БАҚ өкілдеріне арналған жабық көрсетілімі өтті. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Фильмнің режиссері – Нұргелді Садығұлов. Тарихи кинолента палуан, әнші әрі композитор Балуан Шолаққа арналған.

    Іс-шараға: сценарий авторы Дулат Исабеков, режиссері Нұргелді Садығұлов, операторы Ренат Қосай, продюсері Сәбит Әбдіхалықов, актерлер: Альбина Шардарова, Сафуан Шаймерденов, және зиялы қауым өкілдері қатысты.

    Естеріңізге сала кетейік, фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы облысының Жалаңаш және Кеген ауылдарында өткен. Көпшілік сахналарға үш жүзден астам адам қатысқан. Сондай-ақ, түсірілімдер Павлодар қаласында және Бурабай курортты аймағында өткен.

    Фильм прокатқа 2019 жылдың басында шығады деп жоспарлануда.

    Картинаның режиссері Нұргелді Садығұлов баспасөз отырысында былай деді: «Мен үшін маңыздысы жас ұрпақты Балуан Шолақтың тұлғасымен таныстыру және ол өмір сүрген тарихи кезеңді көрсету. Фильмнің қалай шыққанын экран көрсетеді. Түсірілім тобымен өте жақсы жұмыс жасадық. Әсіресе актерлерді – Балуан Шолақты сомдаған Еркебұлан Дайыровты, Ақылбайды ойнаған Медғат Өмірәлиевті және Долгоносовтың образын аша білген Александр Багрянцевті атап өткім келеді».

    Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ
    Сценарий авторы: Д.Исабеков
    Қоюшы режиссер: Н.Садығұлов
    Қоюшы оператор: Р.Қосай
    Қоюшы суретші: Е.Сүлейменов
    Композитор: Ғ.Секеев
    Киім суретшісі: М.Торыбаева
    Арт-продюсері: С.Әбдіхалықов
    Атқарушы продюсері: Б.Байназаров

    Садығұлов Нұргелді Серікұлы
    Білімі:
    Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (1998 – 2002жж.) Мамандығы: деректі кино және ТВ режиссері
    С.А. Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография. (2006 – 2010жж.)
    Мамандығы:  көркем фильм және ТВ режиссері
    Фильмографиясы:
    Деректі фильмдер: «Көкпар» 1998ж., «Отшельник поневоле»  1999ж.,  «Ковер» 2000ж., «Соғым» 2002ж., «Скрипка и виолончель» 2003ж., «Семейный дом Купкиных» 2004ж., «Түркістан» 2007ж., «Абай» 5 серия 2012ж.,  «Исабеков әлемі» 2013ж.
    Көркем фильмдер: «Игрушки» 2007ж. «Молоко» 2009ж. «Кредитке махаббат» 2010ж. «Зұлмат», «Біздің ауыл – во!» 2011ж.
    Деректі фильмдер циклы:«Саят» 2005ж., Сериал «1 сынып» 2005ж., «Әпке» 2013ж., «Ұлт мақтанышы» 2013ж.





Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019