• 12.11.2018

    Алдияр Байракимовтың «На грани» фильмі Белоруссиядағы фестивальде үздік сценарий призін жеңіп алды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    «На грани» көркем фильмі Минскіде, қарашаның 2 мен 9 аралығында өткен «Листопад» халықаралық кинофестивалінің жасөспірімдер «Листопадик» конкурсында қазылар алқасының «Үздік сценарий»  арнайы жүлдесін  жеңіп алды. Бұл секцияда Белоруссиядан, Эстониядан, Тайваньнан, Сербиядан, Италиядан және Кениядан қатысушылар бақ сынаған.

    Аталған кинотуынды бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, алайда тағдырлары кездейсоқ тоғыстырған жасөспірімдер туралы баяндайды. Отбасы жылуы мен жақындарының қолдауынан айырылған, тіпті қоғаммен де тіл табыса алмай жүрген олар бастарын қауіпке тігеді.

    «Жеңісті күтпеген едім. Өйткені мықты конкурс және қатысушылар да осал емес болатын. Қобалжығаным соншалық, сахнаға шыққанда ойымды жинақтай алмай қиналдым. Менімен қатар, сербиялық фильмге UNICEF Белоруссиядағы фонды приз табыстады. Осы фильмде жұмыс істеген баршаға рахмет айтамын. Фильмнің қосалқы сценаристері Венера Қайыржанова мен Болат Ысқақовты да құттықтаймын.  Өйткені, қысқа мерзімде сценарийді толық жазуға атсалысты. Фильмді қарапайым көрермен де кәсіби орта да жақсы қабылдап жатқаны қатты қуантады. Фильмнің бұл екінші фестивалі және алғашқы призі. Бұл тек бастамасы деп сенгім келеді", - деді фильмнің режиссері Алдияр Байракимов.

    Жыл сайын қараша айында «Лістапад» ХКФ Минскіге әлемнің әр елінен фильмдер әкеледі. Негізгі конкурстық бағдарламасында бұрынғы кеңестік елдерде түсірілген  жаңа деректі және көркем фильмдерге басымдық береді. Олардың қатарында: ТМД, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, Балтық елдері, Шығыс және Орталық Еуропа бар. Осы өңірдің халықаралық фестивальдерден үздік деп танылған фильмдері Минскі ХКФ жүлдесіне таласады.


    Анықтама:
    Режиссері: Алдияр Байракимов
    Продюсері: Нина Лаврик
    Сценарий авторлары: Алдияр Байракимов, Венера Қайыржанова, Болат Ысқақов
    Операторы: Владислав Зажерило
    Композиторы: Алим Заиров
    Дыбыс режиссері: Анастасия Самойлова
    Қоюшы суретші: Джалалитдин Ибрагимов
    Рөлдерде: Шарифбек Закиров, Әлішер Абуов, Жасұлан Көпберген, Оңдасын Бесікбасов, Нұркен Сабырхан

    Алдияр Байракимов  - сценарист, режиссер. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі («режиссер, кино және телеарна продюсері» мамандығын алған). Осы академияның «Авторлық деректі фильмдер режиссері» мамандығы бойынша магистратураны бітірген. 2011-2018 жылдар аралығында он төрт қысқаметражды көркем және деректі фильмдерді түсірген (оның ішінде «Костюм»(2013), «4-ші орындық» (2014) және  «Хлоп-топ» (2017) фильмдердің тең режиссері). Көптеген республикалық және  халықаралық байқаулар мен кинофестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрінген. «Киносыншылар таңдауы» жүлдесінің «Үздік фильм», «Үздік сценарий» және «Үздік қысқаметражды фильм» номинациялары бойынша үміткер болған.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019