• 08.11.2018

    «Күлтегін» мультфильмінің дыбыстауына танымал отандық актерлер қатысқан

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Толықметражды анимациялық «Күлтегін» мультфильміндегі негізгі кейіпкерлерді еліміздің театр және кино актерлері дыбыстаған. Олардың қатарында: Қазақстанның халық артисі Нүкетай Мышбаева, Мерей Әжібеков, Динара Әбікеева және Филипп Волошин бар. 

    Сонымен қатар көптеген голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дыбыстаған актерлер мен отандық танымал жас актерлер Рамазан Амантай(«Бизнес по-казахски»), Әлихан Байсұлтанов(«Семья Базарбаевых») қатысқан. Режиссердің айтуынша, отандық актерлер тарихи кейіпкерлерді дыбыстауды аса жауапкершілікпен жасаған.   

    - Тарихи кейіпкерлерді дыбыстауда актерлар бар күшін салып жұмыс істеді. Жалпы бәрімізге де «Күлтегін» фильмі баға жетпес тәжірибе берді. Жиырмаға жуық еліміздің үздік компьютерлік графика және анимация мамандары жұмыс істеді. Бір жылдың ішінде ғана жасап шығардық. Бұл халықаралық стандарттар бойынша өте аз уақыт. Алайда, бар күшіміз бен жанымызды  салып жасап шығарған бұл туынды кішкентай көрермендермізбен қатар, барлық қазақстандықтардың көңілдерінен шығатынына сенімдімін, - деді режиссер Адай Әбілдинов. 
     
    - Мультфильм кейіпкерлерін дыбыстағанды қатты ұнатам, өйткені осында ғана дауыстың көмегімен кейіпкеріңнің образын жасай аласың. Кейіпкердің мақсатын, ерекшеліктерін және астарлы әрекеттерін дауыс қана береді. Бұл ретте актер көптеген техникалық машықтармен қарулануы тиіс. Мен үшін мультфильмде жұмыс істеу – үлкен тәжірибе жинау деген сөз, - деді бала Күлтегінді орыс тіліне дыбыстаған  Филипп Волошин. 

    - «Күлтегінді» көрген кезімде оның голливудтық мультфильмдерден еш кем түспейтінін байқадым. Мен бұл мультфильмде Білге Қағанның бала кезін дыбыстадым. Дубляждағы тәжірибем көп болмаса да, бұл дыбыстаудан ерекше ляззат алдым. Өйткені, менімен бірге досым Әлихан Байсұлтанов дыбыстауға қатысты. Ол Күлтегінді дыбыстады, - деді Рамазан Амантай. 

    ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің тапсырысы бойынша жас режиссер-аниматор Адай Әбілданың қолынан шыққан аталмыш тарихи анимациялық туынды көшпенді халықтардың басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жастық шағы туралы баяндайды. Естеріңізге сала кетейік, мультфильм 22 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрында прокатқа шығады. 


    Фильм туралы: Ұлы түрік мемлекетіне ыдырау қауіпі төнеді. Түркілердің бірлігін сақтап қалан Ұлы Елтеріс қаған жаңа мемлекетті құруды көздеген сатқындардың қолынан мерт болады. Тақтың мұрагері Елтерістің ұлы 12 жасар Күлтегін қашып құтылады. Өзінің туған жеріне оралу үшін ол көптеген қиындықтарды басынан өткізеді. Бұл жолда оған түркілердің жебеушісі Көк Бөрі мен туған бауыры Білге көмекке келеді. Басы біріккен олар жауды жеңіп түркі ілемін құтқарып алады. Білге қағанды таққа отырғызған Күлтегін түркі мемлекетінің әскери қолбасшысы атанады. 

    Ұзақтығы: 60 минут
    Тілі:қазақ тілінде
    Қоюшы режиссер: Адай Әбілда
    Сценарий авторлары: Адай Әбілда, Жәнібек Нұрбекұлы
    Қоюшы суртшілер:Қасиет Сақиолла, Жәнібек Нұрбекұлы, Адай Әбілда
    Композиторы:Әсет Дәненов
    Дыбысрежиссері: Евгений Селюков
    Редакторы:Салтанат Дүнгенбаева
    Кеңесшілер: Тамара Мұқанова, Едіге Тұрсынов
    Продюсер: АдайӘбілда
    Директоры:Айбике Рақымжанова
    Аниматорлар:АбзалИнсебаев, Қуаныш Нағгыз, Мейіржан Төлепбай, Шаттық Тұрсынали, ҚасиетСақиолла, ЕрмекМананбаев, ЖақсыбекКәміл, Бағдар Жынсабек, Қали Бақытхан, ГүлжанҚаділбек, Мариям Қалибек, ТемірланКенжеғалиев, КұнанбайӘбелдинов, Жанәділ Байдарбек, ШыңғысСапар
    Рөлдерді дыбыстаған: Мерей Әжібеков, АзаматҚанапия, БақытжанЖармұхамбетов, ГүлназӘуесбаева, Руслан Ахметов, Динара Әбікеева, НүкетайМышбаеважәне басқалары. 

    Режиссер туралы:
    Абай Әбілда Павлодар облысында дүниеге келді. 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Режиссер-аниматор, өнертану магистрі, «Astana film» ЖШС құрылтайшысы және директоры, Мемлекеттік «Дарын» жастар жүлдесіні лауреаты, халықаралық «Жастар»  шығармашылық жастар фестивалінің лаураеаты, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі. 

    Фильмографиясы: «Қоңырау» (2009 ж.), «Мико» (2009 ж.), «Аңшы» (2010 ж.), «Көкбалақ» (2011 ж.), «Жерұйық» (2013 ж.), «Кілем үстіндегі қала» (2014 ж.), «Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі, «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмі (қоюшы суретші).

    Жүлделері: «Үздік студенттік жұмыс» («Шәкен жұлдыздар» ХКФ, 2009), «КРОК» фестивалінің жүлдесі (Мәскеу, 2010),«Ислам киносы» фестивалінің жүлдесі (Казань, Татарстан, 2011), «Бастау»ХКФ бас жүлдесі(Алматы,2011),  «Карлыгаш»кинофестивалінің жүлдесі(Алматы, 2016).


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019