• 05.11.2018

    «Казақфильм» туындылары «Бастау» кинофестиваліне қатысуда

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған режиссері Венера Қайыржанованың «Тығылмақ» атты қысқаметражды фильм және режиссері Берік Жахановтың «Ата кәсіп» («Наследие предков») фильмдері Алматы қаласында қарашаның 5-сі мен 8-і аралығында өтіп жатқан «Бастау» кинофестиваліне қатысып жатыр.  

    Режиссер Венера Қайыржанова түсірген «Тығылмақ» фильмі ересектер проблемасына куә болған екі кішкентай қыз туралы баяндайды. Олар үйдегі ахуалдан қашу ойымен, көшеде «тығылмақ» ойнайды.

    «Қазақфильм» киностудиясындағы «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі шығарған бұл кинотуынды әлемдік қысқа метрлі фильмдерге арналған Канн фестивалінің кәсіби бөлімі – Short Film Corner бағдарламасына, халықаралық «Еуразия-2018» кинофестивалінің басты байқауына, сондай-ақ  Baikonyr Short Film Festival фестиваліне қатысып үлгерді.

    Ал «Қазақстанның түркі халықтары» циклы бойынша түсірілген  деректі фильмі ата кәсіп – бесік жасаумен айналысатын Абдуманат есімді шебердің өмірін баяндайды.

    Айта кетсек, жыл сайын өтетін студенттік фильмдер мен киномектептер басқосуы биыл «Бастау» халықаралық кинофестивалінің дирекциясы(ТОО «Кинокомпания Танарис Продакшн»), Алматы қаласының әкімшілігі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясы, «Тұран» университеті және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен өткізіледі.

    Биыл халықаралық бағдарламаның іріктеу комиссиясына 300-ден астам фильмдер келіп түсті. Нәтижесінде халықаралық қазылар алқасы мен студенттік  қазылар алқасының назарына 22 елден барлығы 47 фильм ұсынылды.

    VII Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздарын 2018 жылы 8 қараша күні өтетін жабылу салтанатында жариялайтын болады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019