• 25.08.2018

    Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Сахалиндегі кинофестивальде көрсетіледі

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Түн құдайы» фильмі Сахалин Халықаралық «Жердің қиыры»(«Край света») кинофестивалінің байқаудан тыс «Көршілер/Достар» атты бағдарламасында көрсетіледі. Фестиваль Оңтүстік-Сахалинде тамыздың 24 мен 31 аралығында Сахалин губернаторының қолдауымен өтеді.
    Кинофестиваль ұйымдастырушылары: «жер түбінде шыққан үлкен кино әлемінің жаңғырығы» және «Батыстың қойған сауалына Шығыстың қайтарған жауабы» деп бағамдайды өздерін. «Түн құдайынан» бөлек  «Жер қиырының» негізгі байқауында режиссер Ержановтың басқа да фильмі – «Әлемнің мейірімді енжарлығы» (Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жобасы емес) қатысып отыр.
    «Негізгі байқауға олар дәстүрлі кинотілде түсірілген фильмдерді қабылдайды, «Әлемнің мейірімді енжарлығы» осы форматқа сәйкес келеді. Ал «Түн құдайы»  - сюжет логикасын елемей, образ тазалығын көрсетуге тырысқан эксперименталды бағыттағы фильмім. Қатарынан екі фильмім фестивальге қатысып отырғаны қуантады, өйткені олар формасы мен мазмұны жағынан бір-біріне қайшы фильмдер», - фестивальге қатысуы туралы осылай деді режиссер Әділхан Ержанов.
    Негізгі конкурс және «Көршілер/Достар» бағдарламасынан басқа фестиваль аясында Ингмар Бергманның ретроспективасы, азиялық және ресейлік анимация көрсетілімдері өтеді. Және қазылар алқасы - режиссерлер кіші Алексей Герман, Алексей Попогребский және Таминех Миланидің, сценаристер О Чжун-ми және актриса Мария Шукшинаның фильмдері көрсетіледі.

    Анықтама:
    «Түн құдайы»

    Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм»
    Жанры:  драма
    Хронометражы: 110 минут
    Режиссёрі: Әділхан Ержанов
    Продюсері: Серік  Әбішев
    Сценарийін жазған: Әділхан Ержанов
    Операторы: Едіге Несіпбеков
    Ролдерде: Баймұрат Жұманов, Әлия Зайналова, Нұрбек  Мұкышев, Константин Козлов, Салтанат Наурыз, Мақпал Исабекова

    Әділхан Ержанов – сценарист, кинорежиссер. 71-ші Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасына қатысқан («Әлемнің мейірімді енжарлығы», 2018). 40-шы Мәскеу халықаралық кинофестивалінің қатысушысы («Түн құдайы», 2018). 45-ші Роттердамдағы ХКФ NETPAC қазылар алқасының иегері  («Қаратас ауылындағы оба», 2016), соныман қатар, көптеген халықаралық кинофестивалінің лауреаты және қатысушысы. Қазақстан Киносыншылар ассосциациясының тануы бойынша бірнеше рет «Үздік фильм», «Үздік режиссер» және «Үздік сценарий» атанған. Еуропалық Киноакадемияның мүшесі.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019