• 20.08.2018

    Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі режиссердің ретроспективасы бойынша Францияда көрсетіледі

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Қыркүйек айының 5-16 аралығында Париж қаласында өтетін L’Etrange Festival француз кинофестивалінің арнайы Focus бағдарламасында режиссер Ә.Ержановтың барлық фильмдері көрсетіледі. Бұл фильмдердің қатарында ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Риэлтор», «Үкілі кәмшат», «Түн құдайы» сынды картиналар бар.

    Фестивалді ұйымдастырушылар өз таңдауларына: «Ержановтың кинематографиясын қайталанбайтын туындылар құрайды. Ол жұмбақ әлем секілді және оның шексіз интерпритациясы мен креативтілігін тұтастай алып бағалауға болады. Бұл жұмбақ әлемді түсіну үшін оның барлық көркем фильмдерін жинақтап, Focus бағдарламасында көрсеткеннен артық ештеңе жоқ,»- деп түсінік берген.

    Бұл жайында режиссер Әділхан Ержанов: «L’Etrange фестивалі маған «Қаратас ауылындағы оба» фильмінен кейін назар аударды. Олар «Түн құдайы» фильмін көрсетуді қалап, оны тұтас бір жыл күтті. Бір жақсысы, олар осынша уақыт фильмді күте алды және біз де оларға жеткізе алдық. Меніңше, олар менің фильмдеріме еуропалық киносыншылардың назарын аударғысы келеді, себебі, менің фильмдерім оларға қызықты. Оларға жаңаша түсірілген фильмдер керек», - деп ой бөлісті.

    L’Etrange Festival ширек ғасырға жуық уақыт өткізіліп келеді. Бұл фестиваль «ерекше, қайталанбайтын, сирек, жоғары деңгейдегі» фильмдерге арналған. Фестиваль бағдарламасында негізгі байқау (Ларс фон Триердің «Джек тұрғызған үй» фильмі көрсетілетін) мен қысқаметражды фильмдердің байқауынан бөлек, байқаудан тыс бағдарламада жапон жаңа толқынының фильмдерінің көрсетілімі, аңызға айналған Nikkatsu атты жапон студиясының фильмдірінің ретроспективасы, сондай-ақ «Жаңа таланттар», «Деректі кино» бағдарламалары бар.

    Шәкен Айманов атындағы «ҚАЗАҚФИЛЬМ» акционерлік қоғамы Акционерное общество «КАЗАХФИЛЬМ» имени Шакена Айманова

    Анықтама:
    «Түн құдайы»

    Өндіруші: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Жанр: драма Хронометраж: 110 минут Режиссёрі: Әділхан Ержанов Продюсері: Серік Әбішев Сценарий: Әділхан Ержанов Операторы: Едіге Несіпбеков Рөлдерде: Баймұрат Жұманов, Әлия Зайналова, Нұрбек Мұқышев, Константин Козлов, Салтанат Наурыз, Мақпал Исабекова

    Әділхан Ержанов – сценарист, кинорежиссер. 71-Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасының қатысушысы («Әлемнің мейірімді енжарлығы», 2018). 40-Мәскеу халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауының қатысушысы («Түн құдайы», 2018). Роттердамда өткен 45-ші NETPAC ХКФ-нің қазылар алқасының сыйлығының иегері (Қаратас аулындағы оба, 2016), сондай-ақ өзге де халықаралық кинофестивальдердің жеңімпазы және лауреаты. Қазақстандық киносынаушылар қауымдастығы «Үздік фильм», «Үздік режиссер» және «Үздік сценарий авторы» санаттары бойынша бірнеше рет жеңімпаз деп тапқан. Еуропалық киноакадемияның мүшесі.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019