• 17.08.2018

    «Қазақфильмнің» учаскесін тартып алуына кинематографиялық қауымдастық қарсы

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін Алматыда, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында баспасөз-конференциясы болып өтті. Баспасөз отырысы барысында киностудия ұжымы мен зиялы қауым өкілдері Алматы қаласы әкімдігінің 5,5 га жерді тартып алу шешіміне қарсы шықты.  «Қазақфильм» АҚ-ның атынан киностудияның бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов пен заң мәселелері бойынша кеңесшісі Әлтайыр Ерімбетов сөз сөйледі. Ал кино қауымдастығынан режиссер Сатыбалды Нарымбетов және Қазақстанның кинематографистер одағының төрағасы Ермек Тұрсынов қатысты.

    Баспасөз-конференциясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының басшылығы Алматы қаласының әкімдігіне бұл аумақта этнокомплекстің құрылысын салу туралы өтінішпен жүгінбегенін мәлімдеді.
    Республикалық бюджеттен жаңа құрылыс нысандарына қаражат бөлінбегендіктен, киностудия қазақ киносының музейін салуға көмек сұраған. Сондай-ақ, спикерлер аймақтың әрбір бөлігі кинофильмдер мен имидждік видеороликтерді түсіру үшін қолданылатындығын айтты. Бұл жер учаскесінде бұған дейін, жақында екінші маусымы түсірілген «Қазақ хандығы» (реж. Рүстем Әбдірашев) көпсериялы жобасының үлкен декарациясы құрылып қойған. Бұдан бөлек, бұл жерде осы жылдың қыркүйек-қазан айларында түсірілімі жоспарланған «Томирис» кинокартинасының ауқымды декорациясы соғылу үстінде. Сондай-ақ, басшылық киностудия аумағында өткізілген түсірілім мемлекеттік бюджет қорын едәуір үнемдейтінін және «Қазақфильм» киностудиясы мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын толыққанды орындап отырғанын жеткізді.

    «Бұл жер аумағын кезінде Шәкен Кенжетайұлы таңдаған. Оның архитектуралық эскиздері негіздерінде киностудия соғылған. Біздің киностудия - Алматы қаласының ғана емес, жалпы Қазақстанның мәдени мұрасы.  Біз киностудияны тұрғызған киногерлердің көзі ретінде сақтап қалуымыз керек. Киностудия қазақ халқының және мемлекетіміздің тарихы жайлы фильмдер түсіру арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламсын іске асырып отыр, - деді Сатыбалды Нарымбетов.

    «Мен мұнда әріптестерімді қолдау үшін келіп отырмын. Менің жеке пікірім – жағдай ушығып тұр. Егер байыпқа салып сөйлейтін болсақ, онда студияның жер аумағы көптеген коммерциялық құрылымдарға және күн де Әл-Фарабидің бойымен өтетін жеке кісілерге бұл «әдемі жер» маза бермей тұрғанын айтар едім. Бір жылдары студияны Астанаға, Талғарға көшіргілері келді. Сондықтан да кейбір адамдардың қызығушылығы түсінікті. Біз, шығармашылықтың адамдарымыз, қамқоршымыз жоқ. Біз бұл жерді өзіміздің үйіміздей көреміз. Алдымен 5 гектарын алады, сосын бізге тек бір бөлмеге саятын жер қалдырады. Алайда бұл киностудияның артында пікірі бізбенен сәйкес келетін ұлы тұлғалар жоқ емес – баршылық. Бізге тиіспеулерін, бізді жайымызға қалдыруларын қалаймыз. Этнокомплекс салуға жарарлық басқа жақта жер жетіп жатыр. Облысқа барыңыз, тиындарыңызды, жолбарыстарыңызды және басқа ауылдарыңызды сонда қойыңыз. Негізі мен Байбек мырзаны сыйлаймын, алайда мына жағдайда ол кісіні қолдай алмаймын», - деді баспасөз отырысында Ермек Тұрсынов.

    «Жерді жалға беруге қатысты мынадай мәселелер бар: мемлекеттік жер телімі қазір жалға берілген. Жалға беру туралы келісім шарт 2008 жылы бұзылған болатын. Бірақ бұл ескі келісім шарт. Қазіргі уақытта 2010 жылы 49 жыл мерзімге жасалған қолданыстағы келісім шарт өз күшін жоймады. Жер телімі құқығы өкілетті мекеме ретінде заңды түрде бізге берілген. Жерді жалға алудың нысаналы мақсаты – фильмдерді өндіріске шығару және біз оны мақсатты түрде қолданып келеміз», - деп қорытындылады Әлтайыр Ерімбетов.

    Баспасөз отырысының қорытындысы бойынша, кинематографиялық қауымдастық және киностудия басшылығы еріктілер тобын құрып, бағдарламалық құжат – петиция жасап, республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл Қазақстан Республикасының Президенті атына жолдайтындары туралы шешім қабылдады.

    Айта кетелік, соңғы жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы қазақ кинематографиясының дәстүрін бұзбай, қарқынды дамып келеді. Осы орайда, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының 2017 жылғы жетістігі туралы қысқа ақпарат берейік: 18 көркем, 21 деректі картина, 2 толықметрлі анимациялық фильм түсіріп, 24 халықаралық кинофестивалден жүлделі оралды.  

    Биыл «Қазақфильм» 2 сериалдың, 6 астам толықметрлі көркем фильмнің, 12 деректі және 10 қысқаметрлі фильмдердің өндірісін қолға алды. Аталған фильмдер «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы», «Қазақстанның 100 жаңа есімі» және «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламары көрініс табады. Сонымен қатар, 10 қысқаметрлі көркем фильм өндіріске жіберілді.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019