• 01.08.2018

    «Эл Фриман» фильмінің режиссері Мадрид халықаралық кинофестивалінде «үздік дебютант» атанды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Шілденің 21 мен 28 аралығында өткен Мадрид халықаралық кинофестиваліне қатысқан «Эл Фриман» көркем фильмі «Үздік режиссер-дебютант» аталымында жеңіске жетті. Сонымен қатар, аталған картина «Көркем фильмдегі үздік операторлық жұмыс» номинациясы бойынша да бақ сынады. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

    Айта кетелік, картинаның режиссері Елжас Рақымбеков әр түрлі елден қатысып отырған 14 бәсекелесті, оның ішінде «#TAKEMEANYWHERE» фильмімен аталмыш номинациядан үмітті болған танымал голливудтық актер Шайа ЛаБафты да озып шыққан.  Рақымбековтың дебюттік картинасы (шығармашылық лақап аты – Михар Сажле) Лос-Анджелесте америкалық билік өкілдерінен жасырынып жүрген иммигранттың басынан кешкендерін баяндайды.

    Фестивальдің лауреаты Елжас Рақымбеков: - Біріншіден алғысымды туған-туыстарыма, жақындарыма және бізге соңына дейін сенім артып, қолдау білдіргендерге айтамын. Сондай-ақ, фильмді жасауға атсалысқандарға да рахмет деймін. Бұл тек бастамасы ғана, - деп толғаныспен ойын жеткізді.

    Film Fest International халықаралық тобына жататын Мадрид кинофестивалі форматы бойынша Лондон, Амстердам, Ницце, Берлин және Миландағы фестивальдерге ұқсас. Кинематографияның барлық белгілі жанрларына есігі ашық бұл фестивальде жас буын режиссерлерге, заманауи тенденциялар мен кино саласының дамуына ықпал жасайтын трендтерге аса көңіл бөлінеді.


    Анықтама:

    Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Libertus Films
    Жанры:  шытырман оқиғалы драма
    Ұзақтығы: 77 минут
    Режиссёрлері: Елжас Рақымбеков (Михар Сажле), Антонио Чавес
    Продюсерлер: Анар Жүнісова, Мариэтта Волынска, Нұрлан Рақымбеков
    Сценарий авторы: Елжас Рақымбеков (Михар Сажле), Эрик Кьонаш
    Операторы: Эрик Кьонаш
    Рөлдерде: Елжас Рақымбеков, Мантас Валантиус, Әлім Құлиев, Хал Дион, Аннакейт Чапель

    Елжас Рақымбеков – АҚШ-та кино саласында білім алған қазақстандық актер, сценарист және режиссер. New York Film Академиясының және Ивана Чаббак актерлер мектебінің түлегі. «Либертус» кинолабораториясының негізін қалаушы (2014, Невада, АҚШ). Халықаралық «Еуразия-2015» кинофестивалінің «Work-in-progress» номинациясы жеңімпазы («Эль Фриман» көркем фильмі, Алматы, Қазақстан); Қазақстан киносыншылары қауымдастығы шешімімен «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясына үміткер болған («Арман», 2017, реж. Рашид Сүлейменов). Отыздан астам түрлі халықаралық кино және музыкалық жобаларға қатысқан.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018