• 17.06.2018

    Түркістанда өтіп жатқан «Қазақ хандығы» сериалының түсірілім алаңынан эксклюзивті фотосуреттер

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    «Қазақ хандығы. Алтын тақ» атты ауқымды жобасы екінші маусымының түсірілімдері Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы «Әзірет Сүлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде жүріп жатыр.

    «Қуанышымызға орай, Түркістандағы түсірілімдер қасиетті Ораза айт мейрамына сәйкес келді. Түсірілім алаңы ретінде Түркістанды әдейі таңдап отырмыз. Өйткені Түркістан Қазақстанның ең көне қалаларының бірі және дерекнамасында халқымыздың бай тарихы жатыр. Сол себептен де бұл қаланың бейнесі біздің картинамызда қалуы керек» - деді фильмнің режиссері Рүстем Әбдірашов.

    Екінші маусымның оқиға желісі Жәнібек пен Керей хандардың Әбілқайыр Шайбани ұрпақтарымен Қазақ хандығының Сығанақтағы тағы үшін таласы айналасында өрбиді. Бұл қазақ хандығындағы ең бір күрделі кезеңдерніің бірі.

    «Жәнібекті хан көтеру салтанатын Түркістанның маңында түсіреміз. Дәл осы Түркістан біз түсіріп жатқан тарихи кезеңдердің шынайы куәгері. Өкінішке қарай, қазақ кинематографында Шәкен Айманов түсірген «Алдар көседен» басқа ешқандай фильмде Түркістан қаласы көрсетілмеген екен. Түркістаннан соң Тараздағы Қарахан мен Айша бибі кесенесін де түсіреміз» - деді бас продюсер Арман Асенов.

    Естеріңізге сала кетейік, тарихи киноның түсірілімдері Алматы облысында мамырдың басында басталған. Кейінірек түсірілім тобы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы «Иір су» жайлауында көлемді ұрыс сахналарын түсірген.

    Көп сериялы фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Centaurus Rustem Abdrashev production»  ЖШС-нің қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсіруде.

    Фотосуреттер авторы – Николай Постников.

    Қоюшы-режиссері: Рүстем Әбдірашов
    Сценарий авторлары: Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем Әбдірашов
    Қоюшы суретші: Мұрат Карипов
    Қоюшы операторлары: Сапар Койчуманов, Александр Плотников
    Костюм жөніндегі суретші: Ажар Әубәкірова
    Художник по гриму: Сергей Маурин
    Бас продюсері: Арман Әсенов
    Композиторы: Әбілқайыр Әбдіраш
    Редакторы: Ерлан Төлеутай
    Басты рөлде: Қайрат Кемалов, Еркебұлан Дайыров, Досхан Жолжақсынов, Иісбек Әбілмәжинов, Аян Өтепберген, Мейірғат Амангелдин, Ниязбек Шайсұлтанов, Бекболат Тілеухан, Арман Қожа, Шұғыла Сапарғали, Мадина Есманова, Ғазиза Тілеубай, Қарлығаш Мұхамеджанова, Іңкәр Әбдіраш, Фариза Ескермесова, Әшілер Сүлейменов және басқалар.  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018