• 23.05.2018

    «Пацаны зовут его Батя» деректі фильмі Севастопольде арнайы жүлдеге ие болды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов  атындағы «Қазақфильм» АҚ  түсірген «Пацаны зовут его Батя» деректі фильмі Севастополь қаласында өтетін XIV Халықаралық деректі фильмдерге арналған «Победили вместе» кинофестивалінде қазылар алқасы тағайындаған «Жаңа тұлғаның образын ашқаны үшін» жүлдесіне ие болды.

    Кинотуынды запастағы полковник, Ауған соғысы ардагері, Чернобль АЭС апаты зардабын жою жұмыстарына белсене қатысқан, «Легион» әскери-патриоттық клубының негізін қалаушы әрі жетекшісі Батур Абдусаламовтың өмірі мен қызметі туралы баяндайды.  Режиссері – Айнұр Ахметжанова.

    XIV Халықаралық деректі фильмдерге арналған «Победили вместе» кинофестивалінің Бас жүлдесі Марта Прус есімді польшалық режиссердің «За гранью возможного» фильміне бұйырды. «Ең үздік қысқа метражды деректі фильм» жүлдесіне ресейлік Павел Фаттахутдиновтың «Письма с войны» фильмі қол жеткізсе, «Үздік деректі фильм» жүлдесін армян режиссері Армен Хачатрянның «Последнее желание» картинасы жеңіп алды.

    Биыл фестивальға 30 елден 100-ден астам деректі фильмдер мен сериалдар ұсынылды. Фестиваль барысында негізгі байқаумен қатар,  шығармашылық кештер, фильмдердің көрсетілімі және басқа да іс-шаралардан құралған конкурстан тыс бағдарламалар жүргізілді.

    Аталған фестиваль Екінші дүниежүзі соғысына қатысқан қалалардың құрметіне Қырымда тұратын Кеңес Одағы батырларының ұсыныстары бойынша ашылған. Фестивальдің басты мақсаты – Еуразия кеңістігінде, сонымен қатар басқа да елдердің кинокомпаниялары мен телеарналары жарыққа шығарған өзекті мәселелерге арналған деректі фильмдерді бір шаңырақ астына жинап, оларды таныстыру. Фестивальдің президенті, Ресейдің халық артисі Владимир Меньшов.  

    «Пацаны зовут его Батя»

    Қоюшы режиссері, сценарий авторы: Айнұр Ахметжанова
    Қоюшы операторы: Талғат Бектұрсынов
    Дыбыс режиссері: Әлібек Байтанаев
    Дыбыс операторы: Александр Влазнев
    Монтаж режиссері: Сергей Вильковиский
    Әкімші: Раушан Бешімбаева
    Директоры: Әлфия Төлегенова

    Режиссер туралы анықтама: Ахметжанова Айнұр 1987 жылы 15 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қаракастек ауылында дүниеге келді. 2005 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультетіне оқуға түседі («Режиссура және продюссерлік өнер» мамандығы бойынша). 2010 жылы оқуды қызыл дипломмен бітірген жас режиссер сол білім ордасының магистратурасына оқуға түседі («Деректі кино режиссері» мамандығы бойынша, «Қазақстанда деректі фильмдердің продюссерлеу проблемалары» тақырыбында диссертация қорғаған). 2011 жылы С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік Мемлекеттік кинематография Университетінде қысқа курстарына қатысқан. 2013 жылдан бері Айнұр Ахметжанова Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында қызмет жасайды.  

    ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Деректі фильмдер: «Олжас», «Мен анаша шегемін, «Никто кроме нас», «Ұлт жанашыры» (Сұлтан Оразалы), «Тұмарша Айтимова», «Балаларыма өсиет», «Сары» (Сары Айтимов), «Тілеулес», «Пацаны зовут его Батя».


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018