• 10.05.2018

    «Ең сұлу» фильмі прокатқа шығады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Режиссер Қанағат Мұстафин түсірген «Ең сұлу» кинокомедиясы 10 мамырдан бастап прокатқа шығады. Аталған фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Kanaidarproduction» компаниясы түсірген.

    – Бұл кинотуынды «16 қыз» фильмінің жалғасы емес. Жаңа фильм. Романтикалық комедия жанрында түсірілген «16 кыз» фильмінде басты екі кейіпкер ғана болса, жаңа фильмде тоғыз негізгі кейіпкер бар. Жанры жағынан криминалды комедияға жақын. Бұл «16 қыз» фильмінің кейіпкерлері қатысатын отбасылық көрсетілімге арналған фильм, - деді режиссер Қанағат Мұстафин.

    Фильмнің желісі бойынша картинаның басты кейіпкері Самат отыздан асса да әлі күнге дейін отбасын құрмаған сүрбойдақ. Жан досын үйлендіруді көздеген Бауыржан Саматпен бірге қалыңдық іздеп қалаға аттанады. Осы жолда екі дос қызықты да шытырман оқиғаларды бастан өткізеді. Фильмдегі оқиға 80 млн. теңге тұратын Цин әулетінің XIV  ғасырдағы құмыраның Ұлттық мұражайдан ұрлануымен қоса өрбиді.

    «16 қыз» фильмінің басты кейіпкерлері – Аша Матай мен Берік Айтжановтан басқа жеті негізгі кейіпкерлер бар, оларды Ғани Құлжанов, Асан Мәжит, Фархат Әбдірайымов, Мұрат Бисембин және басқалар сомдайды.  Айта кетелік, фильмде комедиялық актер ретінде алғаш киноға түскен әртістер де бар. Олар: актер Қуаныш Долдаев, блогер тележүргізуші Әсел Асқар, теле-радио жүргізуші, шоумен Қазыбек Қасым және әнші Кентал (Талғат Кенжеболатов).

    Түсірілім жұмыстары Алматы және қалаға жақын маңдарда жүрген. Тонау сахналары үшін фильмнің қоюшы-суретшісі Нұрболат Құлмұхамбетов Цин әулеті құмырасының тоғыз көшірмесін жасаған.
    Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ
    Ұзақтығы: 90 минут
    Жанры: Комедия
    Сценарий авторлары: Қанағат Мұстафин, Жанат Қасабеков
    Қоюшы-режиссері: Қанағат Мұстафин
    Операторлары: Айдар Оспанов, Айвар Кыдырбаев
    Костюм жөніндегі суретші: Алена Лузанова
    Композиторы: Никита Карев
    Продюсері: Айдархан Әділбаев
    Актерлер:  Берік Айтжанов, Аша Матай, Қуаныш Долдаев, Әсел Асқар, Қазыбек Қасым, Дәурен Айдарқұлов, Ғани Құлжанов, Асан Мәжит, Мұрат Бисенбин.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018