• 04.05.2018

    Юрий Померанцевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Еліміздің танымал театр және кино актері, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Юрий Померанцевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарылығында, «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін «М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» РМҚК артисі Юрий Борисович Померанцевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін», -делінген.

    Юрий Померанцев «Қазақфильм» киностудиясы жарыққа шығарған режиссер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде сомдаған дәрігер Анатолий Николаевич Лавровтың рөлімен қалың жұртшылыққа жақсы таныс.

    Ұлы Отан соғысының ардагері Юрий Померанцев 1923 жылы 11 ақпанда Киев қаласында дүниеге келген. 1941 жылы Мәскеудегі орта білімді мектепті енді ғана бітірген ол соғысқа аттанады. 1942 жылы ауыр жарақат алып, бірнеше госпитальдерде емделгеннен кейін Юрий Померанцев 1943 жылы Алматы қаласына келеді. Жастайынан өнерге құмар болған жас дарын Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына жұмысқа қабылданады. Соғыс аяқталар жылы актер Юрий Померанцев  Наталья Сацтың Балалар мен жасөспірім театрына шақырту алады.  

    Юрий Померанцев бірнеше фильмдерге түскен. «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде сомдаған алғашқы рөлі актерге танымалдылықпен бірге халықтың сүйіспеншілігін алып келді. Кейін ол «Қиылыс», «Атамекен», «Шатқалдағы шынар», «Махаббат туралы дастан» сынды басқа да көптеген фильмдерге түскен. Сондай-ақ актер ресейлік «Освобождение» және «Солдаттың Отаны» фильмдерінде генералдың рөлін сомдаған.  

    Юрий Померанцев Ұлы Отан соғысының II дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1962 жылы актерға Қазақ КСР-нің Халық артисі атағы берілді, ал 1967 жылы «Алтыншы шілде» спектаклінде сомдаған Дзержинскийдің рөлі үшін Юрий Померанцев Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. 2001 жылы ұлттық мәдениеттің дамуына қосқан үлесі үшін жоғары дәрежелі құрметті белгісі – «Отан» орденімен, сонымен қатар Тәуелсіз «Тарлан» премиясымен марапатталған. 2007 жылы Юрий Померанцевке «Экран шебері» титулы берілді.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018