• 02.05.2018

    Оман Сұлтандығының астанасында қазақ киносы апталығы өтеді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Мамыр айының 2-і мен 5-і аралығында Оман Сұлтандығының астанасы  Маскат қаласындағы «VOX Shatti Cinema» кинотеатрында қазақ киносы апталығы өтеді. Аталмыш мәдени іс-шара барысында соңғы жылдары жарыққа шыққан отандық режиссерлердің танымал фильмдері көрсетіледі.

    Қазақ киносы апталығының ашылу салтанатына Оман Сұлтандығының зиялы қауымы, іскерлік және мәдени ұйымдар өкілдері, сонымен қатар дипломатиялық корпустың өкілдері мен Оман Сұлтандығында тұратын Қазақстан азаматтары қатысады.

    Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ержан Мұқаш аталған мәдени іс-шара ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттердің бірі – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында өткізіліп жатқанын және осындай іс-шаралар екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға кең мүмкіндік беретінін айтты.

    Маскат қаласында өтетін Қазақ киносы апталығы бүгін режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмімен ашылады. Ал 5 мамырда омандықтар қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайтын, режиссері Рүстем Әбдірашевтың «Алмас қылыш» тарихи фильмін тамашалайтын болады.  

    Анықтама.
    Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 27 сәуірде орнатылды. ҚР Омандағы Елшілігі 2009 жылы 10 желтоқсанда ашылды. Қазақстан Республикасының Омандағы Елшісі Е.Мұқаш. Қазіргі таңда екі ел қатынастарының шарт-құқықтық негізін 7 құжат құрайды.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018