• 28.04.2018

    Қазақстанға Мәжит Бегалиннің «Бұл Шұғылада болған еді» фильмі оралды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Кино және ТВ» кафедрасында Мәжит Бегалиннің «Бұл Шұғылада болған еді» атты фильмінің Қазақстандағы алғашқы көрсетілімі өтті.  Картина 1955 жылы түсірілген, алайда КСРО-да  шектеулі прокатта жүрген. Бүгінгі таңда оның жалғыз көшірмесі (контратип) Ресей Федерациясының «Белые столбы» атаулы Мемлекеттік фильм қорында сақтаулы.

    2017 жылы Мәжит Бегалиннің шығармашылығын зерттеуші – режиссер-документалист Евгений Лумпов «Фильмнің үйге оралуы» атты шара ұйымдастырып, шара аясында жиналған қаржыға фильмді сандық форматқа көшіріп, DVD-көшірмесін жасаған. Картина елге оралып, коммерциялық емес мақсатта көрермендерге көрсетілетін болады.  

    – Мәжит Бегалиннің фильмдері Ресейдің Мемлекеттік фильм қорында сақтаулы болуы мүмкіндігі туралы оның  туған інісі  – Қасым Сапарғалиұлы Бегалиннен білдім. Мен ресми өтініш жасап, «Бұл Шұғылада болған еді» фильмінің сол жақта екенін анықтадым. Сонда шара ұйымдастырып, өз өлеңдерім шыққан кітапты сатып, содан түскен қаржыға фильмді сандық форматқа көшірдім. Бұл шараға көптеген адамдар атсалысты, отандастарымыз мәдени құндылығымыздың елге оралуына қызығушылық танытты. Бұл шараға қатысқан барлық жанашыр жұртқа алғысым шексіз, – деді Евгений Лумпов.

    Көрсетілімге студенттер, университет оқытушылары, кинотанушы Назира Мұқышева, өнертану ғылымының кандидаты, доцент Ардақ Юсипова, суретші Асхат Ахмедьяров және оператор Талғат Тайшанов қатысты.

    – Бұл Қазақстан кинематографистері үшін айтулы оқиға. Еліміздің біртуар режиссері Мәжит Бегалиннің фильмінің алғашқы көрсетілімі Шәкен Айманов атындағы кинозалда өтіп жатқаны қуантады. Және аталмыш көрсетілім Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің 20-жылдық мерейтойына орай өтіп жатқанын айтқым келеді. Біздің университет студенттерге қазақ киносының кешегі және бүгінгі туындыларымен таныстыруды жалғастыра береді, – деді «Кино және ТВ» кафедрасының меңгерушісі Талғат Тайшанов.

    Евгений Лумповтың айтуынша, бұл картина, Мәжит Бегалиннің белді картиналары («Оның күні туады», «Мәншүк туралы ән», «Артымызда Мәскеу») сияқты көркемдік жағынан аса мықты болмаса да оның режиссерлік қолтаңбасының тууына үлес қосқан. Фильмнен режиссердің енді ғана туып жатқан өзіндік поэтикалық және көркемдік шешімдерін көруге болады.

    Фильмге қазақ киносының майталмандары қатысқан. Сценарий авторы Әбділдә Тәжібаев («Жамбыл», «Дала батырлары»), қоюшы-операторы Александр Фролов («Жапонияның күйреуі», «Советтік Қазақстан»), қоюшы-суретшісі Құлахмет Қожықов («Менің атым Қожа», «Атамекен»), композиторы Евгений Брусиловский («Оның күні туады», «Тыныштық»). Фильмдегі басты рөлдерді танымал актерлер Ыдырыс Ноғайбаев («Алғашқы ұстаз», «Қыз-Жібек»), Кененбай Қожабеков («Менің атым Қожа», «Сұлтан Бейбарыс»), Шахан Мусин («Степные раскаты», «Тридцатого уничтожить»), Елубай Өмірзақов («Амангелді», «Абай әндері»), Бибігүл Төлегенова («Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште»), Олеся Иванова («Молодая гвардия», «Кин-дза-дза!»), Серке Қожамқұлов («Шабандоз қыз», «Ана туралы жыр») және басқалар сомдаған.

    Фильм туралы: Сюжет бойынша Телғара Темірбеков «Шұғыла» колхозында жиырма жыл бойы төрағалық қызмет атқарады. Ол өзінің алғырлығы мен білгірлігі арқасында колхоз ұйымдастырып, оның экономикалық тұрғыдан орнығуына бар күшін салып, аудандағы үздік колхоздардың бірі етуіне еңбек етеді. Алайда жылдар өте келе Телғара қатты өзгереді. Дандайсып, колхоздағыларға құлақ асудан және сыйлаудан қалады. Айналасын жағымпаздармен қоршайды. Бұның бәрі колхоздың күйреуіне әкеп соғады: мал өлімі көбейіп, астық өнімдерінің түсімі азаяды. Жас агроном Бақытжан, фельдшер Ксюша Телғара Темірбековпен күреуге бел буады.   Оларды райком партиясының хатшысы Рүстемов қолдайды. Орынды айтылған сынды қабылдаған Телғара Темірбеков қателескенін мойындайды.


    Режиссер туралы анықтамалық ақпарат:

    Мажит Сапарғалиұлы Бегалин (22.2.1922, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Дегелең а. - 5.5.1978, Мәскеу) - кинорежиссер,Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966). 2-дүниежүзілік, соғысқа қатысқан. 1948 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. 1950 - 78 ж. "Қазақфильм" киностудиясында режисер болып, өз замандастары туралы "Бұл шұғылада болған еді" (1955), "Жерге қайта М.Бегалин оралу" (1959), "Түлпардың ізі" (1964) көркем фильмдерді қойды. Ш.Уәлиханов туралы "Оның күні туады" (1957), Б.Момышүлы жайында "Артымызда Мәскеу" сце- нарий авторы; 1967; 1968 ж. Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен Орта Азия мен Қазақстан кино өнері байқауының бас жүлдесі мен 1- дәрежелі дипләмы; М.Мәметова туралы "Мәншүк туралы балла- да" (1969; 1970 ж. Минск қ-нда өт- кен Бүкілодақтық кинобәйгедегі КСРО Қорғаныс минстрлігінің бас жүлдесі) секілді тарихи-ғұмырнамалық фильмдер Бегалиннің режиссерлік шеберлігін танытты. Рейсми шығармашылығы туралы "Мажит Бегалин" атты деректі фильм (1981) түсірілген.

    ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. түсірген көркем фильмдері: «Бұл Шұғылада болған еді» (АК, 1955), «Оның күні туады» (АК, 1957), «Возвращение на землю» (АК, 1959), «Следы уходят за горизонт» (КФ, 1964), «Артымызда Мәскеу» (КФ, 1967), «Мәншүк туралы ән» (КФ, 1969), «Степные раскаты» («Отқа оранған Орал», КФ, 1975).
    мына фильмдерде жұмыс істеген: «Жас гвардия» («Мосфильм», 1948), «Падение Берлина», («Мосфильм»), «Жамбыл» (АК, 1952), «Лесная баллада» (КФ, 1972, худ. рук.), «Клад Черных гор» (КФ, 1978, худ. рук.).


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018