• 12.04.2018

    ҚР Сенат Парламентінің депутаттары «Қазақфильм» киностудиясында көшпелі отырыс өткізді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Алматыда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отандық кинематографистерімен көшпелі отырысы өтті. Кездесуде «Кинематография туралы» заң жобасы талқыланды.

    Іс-шараны ашқан комитет төрайымы Бірғаным Әйтімова: «кинематограф  тәрбиелеу, иделогиялық құндылықтарды дәріптеудегі басты құралдардың бірі болып табылады. Қоғамның интеллектуалды және мәдени дамуының  қозғаушы күші» деп белгіледі. Сондай-ақ, Бірғаным Әйтімова, сенаторлардың қазақ кинематографиясының бүгінгі жағдайын, түйіткілді мәселеллерін, сапасын көтеру, ұлттық фильмдердің бәсекелестігін арттыру, аймақтағы мекендерге кинокөрсетілімдердің қолжетімді болуын, отандық киноның шетелде мойындалуын зерттеп жатқандарын жеткізді.  

    Танымал режиссерлер, актерлер және продюсерлер сенаторларға жұмыс барысындағы ерекшеліктер мен кино туралы заңның қабылдануының қажеттілігін айтты.  Нақтырақ айтар болсақ, режиссер Рүстем Әбдіраш ұлттық кино қордың құрылыуының маңыздылығын, кинопрокатшы Бауыржан Шүкенов кинематография саласындағы құқықтық реттеу мәселесі және ауыл мен шет аймақтағы тұрғындарға киноның қолжетімді болуына назар аудару керектігін айтты. Режиссер-аниматор Адай Әбілдинов анимациялық киноның тәрбие құралы ретінде дамуын сөз етсе, кинорежиссер «Дубляж» ШӨБ жетекшісі Болат Қалымбетов, еліміздің кинопрокатына түскен фильмдерді дубляждау міндеттелген уақытта, «Қазақфильм» негізіндегі дубляж бірлестігінің зор мүмкіншілігі туралы ақпарат берді.

    –– Бүгінде «Қазақфильм» киностудиясы  – ұлттық бренд және Қазақстан киноиндустриясының қозғаушы күші. Біз – Қазақстанның кинематографистері еліміздің «Кинематография туралы» заңын күтіп жүргенімізге көп болды. Бұл заң: кинематографистердің, кино өндірушілердің, прокатшылардың, дистрибьюторлардың жұмысын реттеп отырады, кино индустрияның экономикалық тетіктерінің дамуын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар салықтық артықшылықтар, кедендік жеңілдіктер және мемлекеттік субсидиялау механизмі сияқты нарықтық механизмдер арқылы жағымды инвестициялық климат қалыптастырады, – деді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Президенті Бақыт Қайырбеков.

    КСРО халық артисі, танымал актер Асанәлі Әшімов «Қазақфильм» киностудиясына ұлттық компания мәртебесін қайтару турасында сөз қозғады: «Бұл киностудия еліміздің барлық киногерлерін  біріктіретін ортақ бір шаңырақ. Осы жерге бәріміз жиналып кино төңірегінде әңгіме құрамыз. Сондықтан да киностудияның территориясы тек мемлекетке ғана тиесілі болып, жеке меншікке өтпеуі тиіс. Киностудияға ұлттық компания дәрежесін қайтару керек, - деді А.Әшімов.
    Отырысты сенатор Б.Әйтімова қорытындылады. Ол бүгінгі кинематография және мәдениеттің, оның ішінде  әлеуметтік салалардың дамуын реттейтін заң жобасы қарастырылған кезде отырыста айтылған пікірлер мен ұсыныстар міндетті түрде ескерілетінін жеткізді.

    «Қазақфильмге»  келген депутаттар киностудияның тыныс-тіршілігімен және оның техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Экскурсия барысында оларға фильмдерді жарыққа шығару үрдісінің ерекшеліктері туралы және Қазақстанның алтын қорына енген фильмдердің шығу тарихы туралы да баяндалды.
    - Киностудияға қазақ киносының мұражайы керек екендігін түсіндік. Өйткені еліміздің мәдени құндылықтарының барлығы осы жерде. Осы жөнінде біз депутаттық сауал жолдайтын боламыз, - деді экскурсия соңында депутат Бақытжан Жұмағұлов.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018