• 10.04.2018

    «Махаббат. Үміт. Астана» сериалы үшін мектеп жасындағы балалар арасында кастинг жарияланды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Махаббат. Үміт. Астана» атты сериалына балалар арасында кастинг жариялады. Сериалды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ресейлік «Студия кино» компаниясымен бірлесе отырып түсіргелі жатыр.

    Кастингке Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында тұратын балалар қатыса алады.

    Қойылатын талаптар:

    Ұл бала – 14-15 жас аралығындағы (қазақ, епті, өжет, түсірілімдерде тәжірибесі бар);
    Қыз бала – 11-13 жас аралығындағы (қазақ, әдемі, епті, көңілді,  түсірілімдерде тәжірибесі бар).

    Бала туралы ақпаратты (аты- жөнін, туылған жылын, бойын, басқа да түсірілімдерге қатысқаны туралы) және фотосуретті astanacasting@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады.  

    Сонымен қатар, фотосуреттерді және бала туралы ақпаратты  8 701 991 3949  нөміріне  WhatsApp арқылы жібере аласыздар (бұл нөмірге қоңырау шалмауларыңызды сұраймыз).

    Естеріңізге сала кетсек, былтыр 19 желтоқсанда Мәскеуде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен «Первый канал» АҚ бас директоры Константин Эрнсттің кездесуі барысында, екі ел кино индустриясы мен телевизия саласын дамыту бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісім жасалып, бірлесіп кино түсіру туралы уағдаластыққа келген болатын.

    Елорданың мерейтойына арналып түсірілетін төрт сериалы көркем туынды Ресейдің  «Первый канал» телеарнасынан көрсетілетін болады. Сериалдың режиссерлері – Иван Глубоков (Ресей) және Олжас Ермекбаев (Қазақстан).  Аталған фильм мистика және фантастика элементтері бар мелодрама жанрында түсіріледі.

    «Махаббат. Үміт. Астана» сериалының тұсаукесері 2018 жылдың 6 шілдесіне – Астана қаласы күніне жоспарланған.


    Режиссерлер туралы анықтама:
    Иван Глубоков Бүкілресейлік Мемлекеттік кинематография иститутының аттерлік  және режиссерлік факультеттерін тәмамдаған. «Первый канал» арнасында жұмыс істеген. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында «Первый канал» арнасында режиссер түсірген «Сальса» сериалы үлкен сұранысқа ие болған.
    Олжас Ермекбаев  Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетін бітірген (скрипка класы бойынша, Р.Мұсақожаеваның шәкірті); кейін Бүкілресейлік Мемлекеттік кинематография иститутының режиссерлік факультетін (А.К.Котт және В.К.Коттың шеберханасы), сонымен қатар М.Ф.Литовчин атындағы Гуманитарлық телеарналар және радио институтын (кино және теле бағдарламалардың продюсер мамандығы бойынша)тәмамдаған. Жас режиссер «Менің әлемім – музыка» атты қазақтың композиторы Ғазиза Жұбанованың өнеріне арналған деректі фильмді, сондай-ақ бірнеше қысқаметражды картиналарды түсірген. Олардың бірі, «Концерт» фильмі «Бастау» халықаралық кинофестивалінде Бас жүлдені иемденген.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018