• 12.02.2018

    «Қазақфильм» «Қыз бен теңіз» фильмінің трейлерін жариялады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Қыз бен теңіз» атты әлеуметтік драмасы толық аяқталды.  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген бұл фильмді  ̶  қос автор  ̶   Әзизжан Заиров пен Мұхамед Мамырбеков ұсынды.  

    «Қыз бен теңіз» фильмінің негізі өмірден алынған оқиғадан тұрады. Бас кейіпкер қыз АРДИ мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар ассоциациясының оңалту орталығы тәрбиеленушісі Динара Шәріпова.  Ақ жарқын, еңбекқор, көмек қолын әрдайым созуға дайын тұратын Динара өте өжет. Оның фильмдегі есімі Әсел. Оның бар арманы - махаббатын кездестіріп, отбасын құру және бала табу. 

    Фильмнің түсірілімдері Алматы қаласында және Қапшағай жағалауында өткен. Фильмге түскендердің   барлығы дерлік кәсіби актерлер емес, мүмкіндігі шектеулі адамдар (БЦП диагнозы және психикалық даму бөгелесі бар). Ал бас кейіпкердің әпкесі рөліне театр және кино актрисасы Гүлбахрам Байбосынова түскен.


    Фильм туралы: Өзінің жазылмайтын ауруына қарамастан, Әсел есімді бойжеткен отбасын құрып, ана атану үшін өмірдің бар қиыншылығына көнуге дайын. «Арман алға жетелейді» демекші, Әсел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді.   

    Режиссерлері: Мұхамед Мамырбеков, Әзизжан Заиров 
    Сценарий авторлары: Мұхамед Мамырбеков, Әзизжан Заиров 
    Қоюшы операторы: Тимур Итенов
    Қоюшы суретші: Джал Ибрагимов
    Костюм жөніндегі суретші: Наталия Баженова
    Атқарушы продюсері: Дина Нұрмұханова
    Продюсері: Әзизжан Заиров 
    Рөлдерде: Динара Шәріпова, Тахир Умаров, Қанағат Тасқараев, Гүлбахрам Байбосынова, Сауран Қастеев, Алмат Әділбаев және басқалары. 


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018