• 07.02.2018

    «Қазақфильм» сценарийлер конкурсын жариялайды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі көркем фильмдер сценарийлеріне конкурс жариялайды. Конкурстық жұмыстар 07.02.2018  мен  07.05. 2018 аралығында қабылданады және сценарийлерді еліміздің танымал кинематографистері іріктейді.  

    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі сценарийлер конкурсына жұмыстарды төмендегі шарттар бойынша қабылдайды:

    –  Конкурсқа тек Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады;

    –  Ұсынымдарды қабылдау мерзімі –  07.02.2018 мен 07.05.2018 аралығы;

    –  Конкурсқа қысқаметражды көркем фильмдерге арналған сценарий немесе әдеби шығарма негізінде қазақ не орыс тілдерінде, 5-20 бет көлемінде жазылған сценарийлер (бір немесе бірнеше авторлар бірлесе жазған)қабылданады.

    – Салалық білімі бар немесе киноға жақын сала бойынша білімі болғаны абзал;

    –    Конкурсқа жолданатын ұсыным тәртібі:
    • Автор туралы қысқа ақпарат және оның осыған дейін жасаған жұмыстары (2 бетке дейін);
    • Аннотация (500 белгіге дейін);
    • Синопсис (3000-4000 беліге дейін);
    Конкурстық жұмыстарды үш айдың көлемінде debut@kazakhfilmstudios.kz  электронды поштасы арқылы жіберуге болады.


    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі конкурсқа қабылданған сценарийлердің өндіріске жіберілетініне кепіл бермейді және комиссия мүшелері сценарий авторларымен байланысқа шықпайды.

    Телефон:  + 7 727 313 11 35



    • Сценарийде төмендегі мазмұндағы сахналар болмауы тиіс: конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді үгіттеу немесе насихаттау; Республиканың тұтастығын бұзу; мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністері, сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көріністер.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018