• 20.12.2017

    2018 жылы Қазақстан мен Ресей бірлесіп екі сериалдың өндірісін бастайды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Қазақстан мен Ресейдің кино және телевизия саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында алдымыздағы жылы жұмыс атауы «Эвакуация» және «Менің бағым - Астана» телевизиялық сериалдары түсіріледі.

    19 желтоқсан күні Мәскеуде өткен келіссөздер шеңберінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен «Первый канал» АҚ бас директоры Константин Эрнст екі ел арасындағы кино индустриясын және телевидение саласын дамыту бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісім жасасты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.  

    - Біз екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтып, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында кино мен телевизия саласына аса мән беріп отырмыз,  - деп сөзін бастаған Қазақстанның мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы былай деп жалғады. – Бүгінде біз жеткен жетістіктеріміздің жемісін көріп отырмыз.  Соңғы жылдары кино саласында біраз тәжірибе алмастық.  «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ресейлік серіктестерімен бірлесе бірнеше жобаларды іске асырғаны белгілі. Ал жуырда ғана іске асырған «28 панфиловшы» (реж. А.Шальопа)  жобасы  екі елдің де көрермендері тарапынан жақсы баға алып, Ресейдің үздік фильмі атанды. Енді бірігіп шығарған кинотуындылар тек кинопрокатта ғана емес, сондай-ақ, әлемде миллиондаған көрермені бар «Первый канал» арнасынан көрсетілетін жобаларды да жасай аталын боламыз.

    Өз кезегінде «Первый канал» арнасының бас директоры Константин Эрнст екі ел арасындағы мәдени-ақпараттық байланысты нығайту мақсатында екі тарап қолайлы бірлескен өндіріске және кино және телетуындыларды трансляциялау қол жеткізгендігі туралы айтып өтті.

    - Біз кино және телевизия саласында бірлескен жобаларды қаржыландыруға ықпалдастық етеміз деп келістік. Бірінші сериал кеңестік кинематографияның Алматыға эвакуациясына арналған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Кеңес одағының іргелі киностудиясының Алматыға көшірілуіне, Алматыда аңызға айналған біріккен орталық киностудияның пайда болуы тарихына арналған бұл жобаның танымал болатындығына сенемін. Ал екінші жоба Қазақстан елордасының 20 жылдық мерейтойына арналмақ, - деді Константин Эрнст.


    Естеріңізге сала кетейік, екі елдің кинематографистері бірлесіп жасаған және қалың көрермен мен сыншылар тарапынан жоғары бағаланып, халықаралық кинофестивалдерде түрлі жүлделерді иемденген. Олардың қатарында «Чужая, белая и рябой» («Қазақфильм»-«Мосфильм» 1986ж., реж. С.Соловьев), «Адамдар арасындағы бөлтірік» - («Қазақфильм»-«Мосфильм», 1988ж., реж. Т.Теменов); «И тот, кто нежнее» («Қазақфильм» - «Форафильм» (Ресей) 1996ж. реж. А.Қарпықов);  «Фара» (НПЦ – Эй-Би-Си (Ресей) 1999ж. А.Қарпықов); «Махаббат тәлкегі» (Ресей-«Қазақфильм» 2010ж. реж. А.Черняев, Е.Рүстембеков, продюсер Р.Давлетьяров); «28 панфиловшы» (Ресей – «Қазақфильм», 2016ж., А.Шальопа, Н. Рождественский).


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018