• 18.12.2017

    Актер Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков 17 желтоқсан күні 73 жасына қараған шағында дүниеден озды.

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Актер Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков 17 желтоқсан күні 73 жасына қараған шағында дүниеден озды. Қазақ киносының маңдайалды кинотуындысы (режиссері С.Қожықов) «Қыз Жібек» фильмінде Төлегеннің ролін сомдап, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген актер, қазақ өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан қайраткер.

    Актермен қоштасу 20 желтоқсанда сағат 10:00-де Алматыда, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді.

    Анықтамалық ақпарат: Тастанбеков Құман, Қазақстанның Халық артисі, Қазақстан Лениндік комсомолы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Парасат» орденінің иегері

    1945 ж. Талдықорған облысында дүниеге келген.

    1969 ж. Қазақ Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның театр факультетін бітірген.

    1969 ж. бастап М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының артисі.

    Сахнадағы негізгі рольдері:

    Ұлттық және әлемдік классика мен заманауи драматургияда – О. Бөкеевтің «Құлыным меніңдегі» Жан, «Вьетнам жұлдызындағы» Ұшқыш, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Тәңірберген, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» Ақан, С. Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында»  Шоқан, Т. Ахтановтың «Антында» Сауран, М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Әлібек, Т. Ахтановтың «Жоғалған досында» Естемесов, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» Қасым,  «Ақ кемесінде» Құлбек,  Е. Домбаевтың «Біздің кластың қыздарында» Төлеген, Б. Мұқайдың «Өмірзаясында» Цезарь,  Ф. Эрвенің «Түлкі бикешінде» Флоридор, Н. Хикметтің «Фархад-Шырынында» Фархад,  Жұлдызшы, Еврипидтің «Медеясында» Ясон, т.б.

    Театр репертуарында жүріп жатқан спектакльдерде – Шахимарденнің «Томирисінде» Балқаш, С. Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Омар, С. Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Жақыпбек, Т. Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Жалғасбек, Б. Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» Қария, М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясында Андрей, Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Штейниц, Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Монтекки, Д. Кобурнның (ауд. Е. Аманшаев) «Жынойнағында» Веллер Мартин (реж. Е.А маншаев, А. Кәкішева), А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» драмасында (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Кулыгин т.б.

    Кинорольдері:

    Қ. Тастанбековтің кино өнері саласындағы еңбегі де елеулі.  Ол атақты «Қыз Жібек» фильміндегі (режиссер С. Қожықов, сценарий Ғ. Мүсірепов, редактор А. Сүлейменов, 1970 ж.) Төлеген ролімен жұлдызы бірден жанған актер. Бұдан кейін де көптеген фильмге – «Біздің Ғани»»  (1971),  «Қыс – суармалы кезең емес» (1972), «Мұнда аққулар ұшып келеді» (1973), «Аққулар жаңғырығы» (1974), «Қосымша сауалдар» (1978), «Ағамның қалыңдығы» (1979), «Провинциалды роман» (1981), «Қараша қаздар қайтқанда» (1981), «Өрнек» (1982), «Алаң жиегінде» (1982), «Кімсің сен, салт атты?» (1987),«Адам-жел» (2003), «Махамбет» (2008) т.б. түскен.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018