• 04.12.2017

    Балалар үйінің тәрбиеленушілері ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне орай, кеше Алматыдағы №1 Балалар үйінде Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы мен жеткіншек кезі туралы баяндайтын «Балалық шағымның аспаны» атты биографиялық лентасы көрсетіліп, фильмде басты рөлді ойнаған ҚР халық артисі Нұржұман Ықтымбаевпен шығармашылық кездесу өтті.

    Нұржұман Ықтымбаев балаларды мерекемен құттықтап, киноға келуі, режиссер Алдолла Қарсақбаевпен кездесуден кейінгі өмірінің күрт өзгергені және алғаш кинодағы рөлі, ондағы түсірілімдер туралы, сондай-ақ, шығармашылық жолында қандай режиссерлермен, актерлермен жұмыс істегені және түсірілімдер кезінде қандай сәтті кездер мен қиындықтарға тап болғаны жайлы әңгімелеп берді.

    - Бұл біз үшін ерекше оқиға. Балалар үйімізге халық артистері келетінін естіп алғалы жолға қарап, күтіп жүрді. Әрине, мэтрлермен кездесу олардың есінде мәңгіге қалады. Киноны көру бар да, оған түскен актерлермен жүздесіп, оларға сауалдарын қойып, жауап алу бөлек әсер сыйлайды, - деді №1 Балалар үйінің директоры Ғалия Омарова.

    Нұржұман Иқтымбаев балалар мен тәрбиешілердің сауалдарына қуана жауап беріп, домбырасымен түрлі кинолардағы танымал әндерді орындап берді. Кездесу соңында балалар актерге Балалар үйі бойынша экскурсия жасап, өздерінің асханасын, кітапханасын, демалу бөлмелерін көрсетті.  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019