• 30.11.2017

    Қазақ деректі киносы күндері шеңберінде «Қазақ биі» деректі фильмі көрсетілді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Алматыдағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Қазақ биі» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Картинаның режиссерлері Анвара Садықова және Ғазиз Насыров.

    «Қазақ биі» деректі фильмінде жас балерина, А.Селезнев атындағы Алматы хореография  училищесінің студенті, халықаралық байқаулардың лауреаты Жанель Ұланованың өнері арқылы қазақ биінің тарихы баяндалады.

    - Осы фильмді жасауда атсалысқаныма өзімді бақытты санаймын. Картина нағыз шеберлердің арқасында өте әдемі шықты. Фильмнің тең режиссері, белгілі хореограф Анвара Садықованың арқасында көптеген мәселелер шешілсе, оператор Алексей Кирюхин басты кейіпкердің мінез-құлқын тура суреттеп берді.  Сонымен қатар монтаж режиссері Сергей Вильковискийге алғысым шексіз. Біздің фильмге түсуге келісімін беріп, өзінің сұлулығы мен шеберлігімен көркемдеген картинаның басты кейіпкері Жәнел Ұлановаға да алғыс білдіремін, -деді фильмнің тең режиссері Ғазиз Насыров.

    Фильмді жасауда А.Селезнев атындағы Алматы хореография  училищесінің, «Астана Балет» театры мен «Наз» Мемлекеттік би театрының мұрағат материалдары пайдаланылды. Сонымен қатар, Флюра Мусина түсірген «Опера театрының аңыздары мен мифтері» атты авторлық бағдарламасы және «Көк маршрут» («Қазақфильм», 1968 ж.) фильмінің үзінділері қолданылды. «Қазақ биі» фильмі Астана, Алматы, Қызылорда, Семей, Шымкент қалаларында түсірілді.

    Естеріңізге сала кетсек, көрсетілімдер Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры ұйымдастырған Қазақ деректі киносының күндері аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр.

    Қоюшы-режиссерлері: Анвар Садықова және Ғазиз Насыров
    Сценарий авторлары:Анвар Садықова, Салтанат Еркін
    Қоюшы операторы: Алексей Кирюхин  
    Монтаж режиссері: Сергей Вильковиский
    Көркемдік жетекшісі: Әсет Ерназаров

    Анықтама: Кинодраматург және режиссер Ғазиз Насыров С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК) бітірген. 1999 жылы жас режиссер «Два шага в сомнении» атты тұңғыш деректі фильмді түсіреді. Бұл фильм Қазақстан жас кинематографистерінің фестивалі шеңберінде үздік деректі фильм жүлдесіне ие болады. Ғазиз Насыровтың сценарийі бойынша түсірілген фильмдер: «Небольшое отступление» (1999),  «Қаладан келген қыз» (2003). Сонымен қатар, Ғазиз Насыров «Арман қала» сериалының (Қазақфильм, 2009), «Секер» (Қазақфильм, 2009) және «Жас ұлан» (Қазақфильм, 2011) сериалының сценарийлерін жазуға қатысқан.  2006 жылы Ғазиз Насыров Талған Асыранқұловпен бірге «Жұмақ құсы» атты фильмді түсірген.  Бұл фильм Тәжікстанда өткен «Дидоре Душанбе» атты халықаралық кинофестивальде Мәдениет министрлігінің дипломымен марапатталған. «Гәкку» картинасы – Ғазиз Насыровтың тұңғыш  толықметражды көркем фильмі.

    Анвара Садықова – ұстаз, қазақ балет мектебі тарихына арналған мұражайдың меңгерушісі, өнер магистрі, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жүлдесінің лауреаты. А:Садықова 1982 жылы Балқаш қаласында  (Қарағанды облысы) дүниеге келді. 2000 жылы А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін үздік тәмамдап (Қ.Жақыпова және Л.Лидің шәкірті),Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының труппасына қабылданады.  2004 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын «Хореограф ұстазы» мамандығы бойынша үздік тәмамдайды. 2014 жылдан бастап Болат Аюханов жетекшілігіндегі ҚР Мемлекеттік академиялық би театрында балетмейстер қызметінде жұмыс істейді.  

    Анвара Садықованың жетекшілігімен Германия, Франция, Австрия, Италия, Латвия, АҚШ, Қытай, Түркия, Тайланд, Ресей, Қырғызстан мен Қазақстанда өткен түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдерде 20-дан астам концертер қойылды. 20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы, үш монографияның тең авторы.

    Телевизиялық бағдарламалар мен деректі фильмдердің сценарий авторы: «Опера театрының аңыздары мен мифтері» атты (ҚР халық артистері Зәуірбек Райбаев, Дәурен Әбіров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Минтай Тілеубаевтардың өмірі мен шығармашылық жолына арналған) бағдарламалар («Мәдениет» арнасы, 2012 -2014 жж.); «Қазақстан балет өнері» деректі фильмнің авторы, ғылими кеңесшісі (режиссері Ж. Исабаева, 2016 ж.); «Қазақ биі» (тең сценарий авторы және тең режиссері).


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019