• 22.11.2017

    Алматыда жаңа деректі фильмнің тұсаукесері өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Алматыда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры қолдауымен ұйымдастырылған Қазақ деректі киносы күндері шеңберінде «Пацаны зовут его Батя» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Режиссері – Айнұр Ахметжанова.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов  атындағы «Қазақфильм» АҚ  түсірген кинотуынды запастағы полковник, Ауған соғысы ардагері, Чернобль АЭС апаты зардабын жою жұмыстарына белсене қатысқан, «Легион» әскери-патриоттық клубының негізін қалаушы әрі жетекшісі Батур Абдусаламовтың өмірі мен қызметі туралы баяндайды.  

    - Бұл Батур аға туралы түсірген екінші фильмім. Ең алғаш рет осы кісі туралы 7 жыл бұрын түсірдім, ол ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының қолдауымен түсірілген дипломдық жұмыс еді. Қанша фильм түсірсем де, өзімнің алғысымды жеткізе алар емеспін. Мансап қумай, атақ-даңқ үшін емес, саналы ұрпақ тәрбиелеуде тер төгіп жүрген осындай азаматтарды біліп жүруіміз қажет деп ойлаймын. Олай дейтінім, Батур аға 30 жылға жуық әр жастағы түрлі ұлт өкілдерінен жиналған балаларды тегін жаттықтырып жүр. Бұл балалар көше кезіп немесе компьютерлік клубтарды жағаламай, өз уақыттарын Батур ағаның жаттықтыру залында өткізетіндері қуантады. Жаттығу жұмыстары қолайсыз жағдайдарда – жертөле мен мектеп аулаларында өтсе де, балалар үлкен қызығушылықпен келіп қатысады. Тіпті мектеп бітіріп, институт тәмамдаған жастар ағайларымен әлі күнге дейін хабарласып тұрады, - деді фильмнің режиссері Айнұр Ахметжанова.  

    Фильмнің түсіру жұмыстары Алматы және Алматы облысында жүргізілді. Фильмде режиссер әр жылдары өзі түсірген бейне материалдар, сонымен қатар басты кейіпкердің жеке мұрағаты пайдаланылды.

    -  Мен «Легион» клубын бұрыннан жақсы білемін. Араласып жүргенімізге  20 жылдай уақыт болды. Батур ағаны әкемдей көремін. Фильмнің түсіру тобы да оған қатты бауыр басып кетті, өйткені екінші фильмнің түсіру тобы айтарлықтай өзгермеген, - деді режиссер.

    Қоюшы режиссері, сценарий авторы: Айнұр Ахметжанова
    Қоюшы оператор: Талғат Бектұрсынов
    Дыбыс режиссері: Әлібек Байтанаев
    Дыбыс операторы: Александр Влазнев
    Монтаж режиссері: Сергей Вильковиский
    Әкімші: Раушан Бешімбаева
    Директоры: Әлфия Төлегенова

    Режиссер туралы анықтама: Ахметжанова Айнұр 1987 жылы 15 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қаракастек ауылында дүниеге келді. 2005 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультетіне оқуға түседі («Режиссура және продюссерлік өнер» мамандығы бойынша). 2010 жылы оқуды қызыл дипломмен бітірген жас режиссер сол білім ордасының магистратурасына оқуға түседі («Деректі кино режиссері» мамандығы бойынша, «Қазақстанда деректі фильмдердің продюссерлеу проблемалары» тақырыбында диссертация қорғаған). 2011 жылы С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік Мемлекеттік кинематография Университетінде қысқа курстарына қатысқан. 2013 жылдан бері Айнұр Ахметжанова Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында қызмет жасайды.  

    ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Деректі фильмдер: «Олжас», «Мен анаша шегемін, «Бізден басқа Ешкім де», «Ұлт жанашыры» (Сұлтан Оразалы), «Тұмарша Айтимова», «Балаларыма өсиет», «Сары» (Сары Айтимов), «Тілеулес», «Пацаны зовут его Батя».


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019