• 10.11.2017

    «Қазақфильмнің» мұрағаты енді ғаламторда

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін Алматыда «Бродвей» кинопорталы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бірлесіп, еліміздің басты киностудиясының 82 жылдық мұрағатын онлайн-кинотеатрға шығарды.

    «Қазақфильмнің» 1935 жылдан бергі мұрағаты және бүгінгі таңдағы туындылары ғаламтордағы тұтынушыларға қол жетімді болды. Киностудияның «Бродвей» кинопорталымен 2017 жылдың 1 тамызы күні отырған онлайн-кинотеатрға барлық видеоконтентті беру туралы келісім-шартында көрсетілгендей, киностудия 645 цифрланған фильмді ұсынып отыр. Оның 208-і көркем, 332-і деректі, 105-і анимациялық фильмдер.

    – Біз отандық киноны насихаттау барысында көп жұмыс атқардық. Киноның көрермендерге жол тартуын қамтамасыз еттік. Оған дәлел біздің сайтымыздағы фильмдер. Сондай-ақ, міне бүгіннен бастап, «Қазақфильмнің» қорындағы барлық фильмді сайтымызға орналастырып, онлайн-кинотеатр ашып отырмыз. Ендігі жерде көрермендер жоғары сапада, лицензиясы бар отандық фильмдерді біздің онлайн-кинотеатрдан көре алатын болады, – деді таныстырылым барысында «Бродвей» кинопорталының директоры Әнуар Кенжібаев.

    Барлық контент сайтта келісім-шартқа сәйкес ақылы түрде орналастырылған. Фильмдерді көру құны 20 теңгеден бастап 350 теңгеге(жаңа туындыларға) дейінгі аралықта.

    –«Қазақфильм» туындысымен онлайн-кинотеатр ашу қажеттілігі бұрын туындаған мәселе. Осы күнге дейін ғаламтор жүйесінде көбіне пираттық контент табылатын, біздің кинотуындымызды табу қиын болатын. Біз осы мәселені Директорлар кеңесінде ортаға салып, жеке компаниялар мен ақылы түрдегі контентте жұмыс істейміз деген шешімге келдік. Қазіргі таңда нарықтың осы сегментіне сұраныс көп, сол себептен де  әртүрлі компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Ал «Brod.kz»  кинопорталы цифрланған толық жүйелі онлайн-кинотеатрымызды ең алғаш болып қолдады. Біздің ынтымақтастығымыз өз жалғасын табады деп сенем және Brod.kz тобының жұмысына сәттілік тілей отырып, көрермендер отандық кинотуындыларды көптеп көре бастайды деп үміттенем», – деп қосты Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ PR-директоры Дмитрий Шишкин.

    Келісім-шарт бойынша «Бродвей» кинопорталы «Қазақфильмнің» контентін өз сайтында орналастырумен қатар, киностудия жобаларына ақпараттық қолдау көрсетіп, фильмдерді заңсыз пайдаланудан қорқауға міндеттеледі.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2017