• 08.11.2017

    «Қазақфильм» киностудиясы «Алтынемел» атты деректі фильмнің тұсаукесерін өткізді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін Алматыда «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорымен бірлесіп, қазақ деректі киносының күндері аясында «Алтынемел» атты деректі фильмнің тұсаукесерін өткізді. Фильмнің авторы танымал фотограф-натуралист Олег Белялов.  

    Аталмыш деректі картина Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябағының бай табиғаты туралы баяндайды. Картина бақылау әдісі арқылы, қысқа уақытта – үстіміздегі жылдың көктемі мен жаз мезгілдерінде түсірілген.

    - Деректі киноның осы саласында ең маңыздысы – түсіретін объектіні жақсы білу мен операторлық өнерді меңгеру. Оның үстіне табиғатты тани білу мен тәжірибе де маңызды. Сценарий тек бастапқы идея ретінде жүреді. Сценарий аса маңызды емес. Өйткені бұл алдын-ала бәрі келісіліп қойған, нақты кісіге арналған портреттік картина емес. Бұл тосынға толы табиғат туралы фильм. Сценарийде қиялдап бәрін жазуға болады, ал оны түсіру оңайға соқпайды. Фильмге айрықша көркемдік беріп, қысқа сюжеттердің көлемді фильмге айналуына монтаж кезеңі көп ықпал етті. Және де ұлттық саябақтың тынысын беруге музыка мен дыбыстау үрдісі өз үлесін қосты, - деді Олег Белялов.

    Олег Белялов фильмнің сценарий авторы, режиссері және қоюшы операторы Олег Белялов. Бұл автордың режиссер ретіндегі алғашқы фильмі. Белялов анамалистика жанрында Қазақстандағы үздік маман.

    - Табиғат жайлы фильм түсіру қажеттігі туындады, ал анамалистика жанрында түсіру мол тәжірибені талап ететін болған соң, таңдау маған түсті. Бұл жанрда мен 80-90 жылдары көп еңбек еткем. Алтынемел Алматыға жақын орналасқан және жабайы жануарларды еш қиындықсыз ұшырастыруға болатын бірден-бір ұлттық саябақ болғандықтан, сол мекенді түсіреміз деп шештік, - деп қосты режиссер.


    Фильмнің аннотациясы: Алтынемел ұлттық табиғи саябағының ерекшелігі неде? Құрылғалы бері 20 жылдың ішінде не өзгерді? Туристер бұл аймаққа нені көру үшін баруы тиіс? Табиғаты бай Алтынемел саябағын заманауи техниканың көмегімен түсірілген әдемі фильмді тамашалай аласыз.

    Анықтамалық ақпарат: Алтынемел - Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.
    Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2017