• 07.11.2017

    «Қазақстан аңыздары» BBC World News телеарнасында

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    «Қазақстан аңыздары» жарнамалық кампаниясы аясында, Қазақстанның қасиетті жерлері – Айша бибі кесенесі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған ең танымал жәдігер «Алтын адам» тарихы туралы түсірілген бейнероликтер, үстіміздегі жылдың 4 қарашасынан бастап BBC World News телеарнасында көрсетіле бастады. Бейнероликтерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша BBC өкілдері және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы бірлесіп түсірген.

    Бейнероликтердің түсірілімдері үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Қазақфильм» киностудиясының территориясында және Есік, Үшқоңыр, Түркістан, Қапшағай қалаларында өткен. Жобаны түсіруге отандық және шетелдік мамандар тартылған. Бейнероликтерге Оңдасын Бесикбасов, Нұрлыбай Есімғалиев, Шұғыла Сапарғали, Аян Өтепберген, Динара Бақтыбаева, Фариза Ескермес және басқалар түскен.

    – Осы жылы көктемде Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында еліміздің Үшінші жаңғыруын орындау мақсатындағы басты жоба деп – «Қасиетті Қазақстан» жобасын атаған болатын.  Ұлттық кодымыздың негізі болып табылатын, халқымыздың бай мұрасын және мәдениетін насихаттау үшін, «Қазақфильм» киностудиясы BBC World News телеарнасымен бірлесе отырып, «Қазақстан аңыздары» атты жарнамалық кампанияны бастап кетті. Кампанияның басты мақсаты – сыртқы және ішкі мәдени туризмді дамыту. Ол өз кезегінде әлемдік бәсекелестікке жол бастайды, - деді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Серіп Жұбандықов.


    Аннотация: Айша бибі және Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.
    Әлемде монументтердің тұрғызылу тарихы ұмыт қалып жатады. Кейде туристерге немесе саяхатшыға монументтің өзінен оның тұрғызылу тарихы қызықтырақ болады.  Және оның мәдени және тарихи ескерткіш ретіндегі алатын орны туралы да ақпарат алғысы келеді. Қазақ халқы кесенелердің бой көтеру тарихын сақтап келеді. Соның арқасында бұл археологиялық ескерткіштер ұлттың шын мәнісіндегі құндылығына айналады.

    Аннотация: Алтын адам.
    Алтын адам мен қазақ халқының бір аңызында ұшырасатын – жас жауынгер Алтын-Айдарда ұқсастық бар. Бұл роликте режиссердің концепциясы бойынша Алтын адам мен аңыздағы Айдардың бейнелері бір сарында өріледі.

    Түсірілім тобы:
    Режиссері: Дарья Чернова (Лондон)
    Қоюшы операторы: Денис Аларкон-Рамирес (Мәскеу)
    Қоюшы суретшісі: Бөпеш Жандаев
    Костюм жөніндегі суретші: Елена Рубанова


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2017