• 19.10.2017

    «Біздің қаланың ханзадасы» фильмі прокатқа шығады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Адигул продакшн» кинокомпаниясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Біздің қаланың ханзадасы» көркем фильмі бүгіннен бастап прокатқа шығады. Режиссері әрі сценарий авторы – Қазақстанның халық артисі, қазақтың «жаңа толқын» өкілі – Талғат Теменов.

    «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Қызғыш құс», «Махаббат бекеті» сынды фильмдерімен көрерменге жақсы таныс Талгат Теменовтың жаңа кинотуындысы жалғыздықтың күйін кешіп жүрген  балалар үйінің 6-жасар тәрбиеленушісі мен қарттар үйінің ардагері арасындағы достығы туралы баяндайды. 

    Естеріңізге сала кетсек, «Біздің қаланың ханзадасы» фильмінің тұсаукесері  (жұмыс атауы «Бибол») үстіміздегі жылы 1 маусымда, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласында өткен болатын. Сонымен қатар, аталмыш кинотуынды қыркүйек айында Ресейде өткен ІІ Халықаралық «Еуразиялық көпір» кинофестивалінің негізгі бағдарламасы шеңберінде көрсетілген еді. 

    Фильмнің түсіру жұмыстары Астанада және Ақмола облысының Бурабай ауылында өтті. Басты рөлдерді Ануар Толеугажы және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Аралбай («Жаужүрек Мың Бала», «Жоюшы», «Тығырықтан жол тапқан») сомдады. Сонымен қатар, фильмге Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыка және драма театрының (Астана қаласы) актерлері түскен. 

    Қазақстандықтар «Біздің қаланың ханзадасы» фильмін бүгін – 19 қазаннан  бастап еліміздің кинотеатрларынан көре алады. Фильмнің прокаты келесі кинотеатрлардан жүргізіледі: 

    Алматы қаласы:
    Есентай ОСО «Кинопарк» 
    Глобус ОСО «Кинопарк» 
    Спутник ОСО «Кинопарк» 
    Сары-Арқа ОСО «Кинопарк» 
    LUMIERA кинотеатры 
    Арман кинотеатры 
    Астана қаласы:
    «Сары-Арқа» ОСО «Кинопарк» 
    «Керуен» ОСО «Кинопарк»  
    Қарағанды қаласы: 
    «Саржайлау» кинотеатры 
    Шымкент қаласы: 
    «Мега» ОСО «Кинопарк» 
    Ақтөбе қаласы: 
    «Ақтөбе» кинотеатры 

    «Біздің қаланың ханзадасы» 
    Фильм туралы:«Біздің қаланың ханзадасы» - бұл Бибол есімді ерекше бала мен музыкант Қасымхан есімді қария туралы әсерлі оқиға. Фильмнің негізгі желісі - бала мен қарттың кездейсоқ кездесуі болып табылады. Бұл фильмдегі драматизм бір-біріне мүлде бөтен бас кейіпкерлердің соңында етене жақын болып кетулері. Фильм – адамның адамгершілік қасиеттерінің арқасында ғана шын бақытқа жетуге болатынын көрсетеді.

    Өндірісі:Ш.Айманов ат. «Қазақфильм» АҚ «Адигул продакшн» ЖШС қатысуымен
    Жанры:мелодрама
    Режиссері, сценарий авторы: Талғат Теменов 
    Қоюшы операторы: Андрей Маслов
    Қоюшы суретші: Марат Иманберген
    Композиторы: Төлеген Мұхамеджанов
    Бас продюсері: Ахат Ыбыраев
    Рөлдерде: Төлеубек Аралбай,Әнуар Төлеуғажы, Лейло Бекназар-Ханинга, Жәния Джуринская,Динара Әбікеева, Қуандық Қыстықбаев және басқалары. 

    Режиссер туралы:
    Теменов Талғат Досымғалиұлы – кинорежиссер, Қазақстанның халық артисі. 1954 жылы 11 желтоқсанда Алматы облысы Малыбай ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны, ал 1986 жылы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлар дайындайтын жоғары курсын бітірген (С.Соловьевтың шеберханасы).
     Алғашында Талдықорған қаласындағы облыстық драма театрында актер болып шығармашылық жолын бастаған Талғат Теменов,1980 жылы кино өнеріне  келіп, режиссер көмекшісі және сценарист болып қызмет атқарады. Мәскеудегі оқуын бітірген соң, Т.Теменовөзінің сценарийі бойынша екі қысқаметражды фильмдерді – «Қайдасың, Шапай?» және «Торо» картиналарын түсіреді. 1987-1988 жылдар аралығында жас киногер «Мосфильм» киностудиясында ресейлік балалар киносының атасы Ролан Быковтан дәріс алып,кейін халықтың жоғарғы бағасы мен ықылас-ілттипатына бөленген «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Қызғыш құс», «Махаббат бекеті», «Өлімнен кейінгі Казань» атты фильмдерді жарыққа шығарды. Т.Теменов сонымен қатар халыақаралық жоба – «Көшпенділер» фильмінің тең режиссері. 2011 жылы режиссер «Менің күнәлі періштем» фильмін түсірген. 



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2017