• 06.10.2017

    «13 километр» деректі фильмі Ресейден жүлделі оралды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген  «13 километр» деректі фильмі Екатеринбург қаласында қазанның 1-і мен 5-сі аралығында өткен ХХVІІІ «Ресей» деректі кино фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Фильмнің режиссері – Владимир Тюлькин.

    Аталған деректі фильм Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Фильмнің кейіпкері өзінің шыдамдылығы мен табандылығының арқасында үлкен шаруа қожалығының иесі болып отыр.  

    Биыл «Ресей» деректі кино фестиваліне қатысуға 10 елден 280 тапсырыс келіп түскен екен. Нәтижесінде негізгі байқауға Ресей, Қазақстан, Эстония және басқа да елдерден 31 фильмдер  іріктелген. Бұл байқауға деректі киноның шеберлері – Иван Твердовский, Владимир Тюлькин, Андрей Осипов, Татьяна Скабард, Сергей Головецкий, Сергей Дебижев, Борис Караджев және дебютант режиссерлар қатысты.

    Қазылар алқасы қатарында Ресейдің танымал өнер қайраткерлері болды, олар: Ленин сыйлығының иегері, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер және сценарист Тенгиз Семёнов (төраға), режиссер және сценарист Галина Леонтьева , «Кино-Сибирь» киностудиясының басшысы, режиссер Евгений Соломин, киносыншы  Валерий Фомин және кинооператор, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері Евгений Цигель.  

    Фестивальдің бас жүлдесін режиссер Татьяна Скабардтың «Последний парад «Беззаветного»  фильмі иемденді.  Ең үздік толықметрлі фильм аталымы  «Приходи свободным» (режиссер Ксения Охапкина, Таллин) картинасына берілді, ал үздік қысқаметрлі фильм деп режиссер Анна Каторнинаның (Санкт-Петербург) «Поморские жонки» танылды.  Ал көрермендер көзайымы жүлдесі  – «Последний вальс» (режиссер Юлия Бобкова, Москва) фильміне берілді. Фестивальдің арнайы жүлдесін «Жизнь с бактериями» (режиссерлері Станислав Ставинов және Андрей Тимощенко, Краснодар) фильмі иемденді. Операторлық шеберлігі марапаты «Приходи свободным» фильмінің операторлары  Виталий Афанасьев, Максим Дроздов и Ксения Охапкинаға берілді. Сондай-ақ, Ресей кинематографистер одағы және Ресей мемлекеттік кинофотоқұжаттар архиві, Деректі фильмдер қауымдастығы тағайындаған байқаудан тыс жүлдесі «Равная величайшим битвам» деректі киноэпопеясының шығармашылық тобына берілді.

    «13 километр»
    Режиссері және сценарий авторы: Владимир Тюлькин
    Қоюшы операторы: Юрий Пак
    Комозиторы: Ғалымжан Секеев

    Режиссер туралы ақпарат:
    Тюлькин   Владимир Викторович – кинорежиссер, ақын. Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, КСРО кинематографистер одағының мүшесі. 1955 жылы 12 ақпанда Семейде туған. 1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің физико-математикалық факультетін тәмамдаған. 1987 жылы Ленинград мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтын бітірген; 1993 жылы КСРО Мемкино жоғарғы курсын Г.Чухрайдың шеберлігі бойынша бітірген.
    В.Тюлькиннің шығармашылығында ондаған деректі киносы бар. Фильмдері түрлі халықаралық конофорумдардың жүлдегерлері.

    ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Түсірген деректі фильмдері: «Буду защищаться сам» (КФ, 1987), «Босиком по снегу» (КФ, 1988), «Маленькая Нина» (КФ, 1989), «Учитель и ученик» («Искусство №2, КФ, 1989), «Клетка» (КФ, 1990), «Повелитель мух» (КФ, 1990), «РЭМ» («Собачий крематорий», КФ, 1993), «Опыт креста» («Experimentumcrucis», с Т. Поповпен бірге, ГАЛА-ТВ, 1995), «Ангел-хранитель» (Студия «М-Арт», 1998), «Патетическая симфония (2000), «Про любовь» (2002);  «Непокоренная вершина» (2003), «Тату в поднебесной» (2004,  док. сериал),  «Обреченные выжить» (2005); «Случайный гость» («Полуночный гость», КФ, 1992) қысқаметражды көркем фильмі және басқа да.  
Читайте также :

Во Франции прошёл показ казахстанских фильмов
19 октября 2017 года в Париже в кинотеатре Club L'Etoile в рамках программы ЮНЕСКО «Современная казахстанская культура в глобальном мире» состоялся показ художественного фильма «Дорога к матери», созданного киностудией «Казахфильм» им. Шакена Айманова...



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2017