• 08.09.2017

    «Оралман» фильмі 15 қыркүйектен бастап прокатқа шығады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    «Еуразия» (Астана) және «Фаджр» (Тегеран) халықаралық кинофестивалдерінің жеңімпазы  –  «Оралман» фильмі  15 қыркүйектен бастап жалпыұлттық прокатқа шығады. 

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген бұл фильмде Ауғанстаннан туған жеріне қайтып оралған қазақ отбасының өмірі баяндалады. Фильмге еліміздің танымал актерлары: Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова, Баян Қажнабиева және басқа актерлар түскен.  

    Режиссер Сәбит Құрманбековтың бұл фильмі 2017 жылдың шілде айында XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде Гран-при жүлдесін жеңіп алған.  
    Сондай-ақ, 2017 жылдың сәуірінде Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық «Фаджр» кинофестивалінде бұл көркем картина 12 елден қатысқан 15 толықметрлі көркем фильмнің ішінен топ жарып, үздік азиялық фильм атанған. 

    Фильмнің еліміздегі прокаты 14-ші қыркүйек күні Астанадағы «Сары-Арқа» кинотеатрындағы ресми премьерасынан кейін басталады. Сәйкесінше 15-ші қыркүйектен бастап төмендегі кинотеатрларда прокаты жүреді: 

    Алматы қ.
    Есентай ОСО «Кинопарк» 
    Глобус ОСО «Кинопарк» 
    Спутник ОСО «Кинопарк» 
    Сары-Арқа ОСО «Кинопарк» 
    LUMIERA кинотеатры 
    Арман кинотеатры 

    Астана қ.:
    «Сары-Арқа» ОСО «Кинопарк» 
    «Керуен» ОСО «Кинопарк»  

    Қарағанды қ.: 
    «Саржайлау» кинотеатры 
    Шымкент қ.: 
    «Мега» ОСО «Кинопарк» 
    Ақтөбе қ.: 
    «Ақтөбе» кинотеатры 
    Фильм орыс тіліндегі субтитрлармен қазақ тілінде көрсетіледі. 
    Анықтамалық ақпарат:
    Фильм жайлы: Фильм ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қызыл әскердің жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған  қазақ отбасы туралы. Бас кейіпкер Базарбай қарттың бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті пуштун ұлтынан келіншек алады. Ал қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады.  Сапарқұл соғыс кезінде моджахеттер жағында соғысады. Жылдар өтеді. Базарбайдың отбасы Қазақстанға көшуге рұқсат беретін квота алады. Барлығы жолға жиналады. Таулы қышлақтан шыққан отбасыны ұзақ жол күтеді. 
    Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ,  «Қадам» ЖШС (кинокомпания) қатысуымен
    Жанры: әлеуметтік драма
    Режиссері: Сәбит Құрманбеков
    Сценарий авторы: Нұрлан Санжар, Сәбит Құрманбековтің қатысуымен
    Қоюшы операторы: Марс Умаров
    Қоюшы суретшісі: Рустам Одинаев
    Композиторы: Айдос Сағат

    Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі: Негізі 1998 жылы қаланған Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі Орталық Азиядағы ең үлкен кинофорум болып табылады. Биылғы жылы фестиваль аясында барлық конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаларға қатысқан толықметрлі және қысқаметрлі, авторлық және жанрлық фильмдердің рекордтық көрсеткіші - 296 картина көрсетілді.  Негізгі конкурстық бағдарламада 13 толықметрлі және қысқаметрлі фильмдер конкурсында 30 картина қатысты. Ал фестивальге 200 ден астам қонақ шақырылды. Олардың қатарында Николас Кейдж, Эдриен Броуди және Джон Малкович бар.

    Халықаралық «Фаджр» кинофестивалі  – азиялық кино әлемінде айрықша орны бар айтулы мәдени оқиға. Фестиваль жыл сайын Иранда ислам революциясының жеңіске жетуіне орай өткізіледі. Фестиваль алғаш рет 1982 өткізілген.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2017