• 04.08.2017

    Қазақ анимациясының 50 жылдығына орай «Қазақфильм» байқау жариялайды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы  және «Жас өркен» серіктестігіне кіретін «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері мен «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары бірлесе отырып, қазақ анимациясының 50 жылдығына орай жас суретшілер арасында «Менің сүйікті мультфильмім» атты шығармашылық байқауын өткізеді.

    -    Үстіміздегі жыл қазақ анимациясы үшін айтулы жыл. Осыдан 50 жыл бұрын, 1967 жылдың  күзінде қазақ анимациясының алғашқы мультфильмі – «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» көрерменге ұсынылған болатын. Біз қазақ анимациясының негізін қалаушылардың қалдырған мұрасына құрметпен қараймыз. Бүгінде «Қазақфильм» заманауи технологияларды қолдана отырып, толықметрлі анимациялық фильмдерді өндіруде. Олардың бірқатары халықаралық фестивальдерден жүлделі орындарды иеленіп отыр. Бұл байқауды қазақ анимациясын еліміздің балалары арасында насихаттау мақсатында жасап отырмыз  - деді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Бақыт Қайырбеков.

    Байқау «Мен жақсы көретін қазақ мультфильмі» және «Менің қиялымдағы кейіпкер» атты екі номинациядан тұрады. Бірінші номинацияда қатысушылар қазақ анимациялық мультфильмдерінің желісінде салынған суреттерін немесе комикстерін жібере алады. Екінші номинация бойынша қатысушылардың өз қиялынан туған, ертегі, аңыз-әңгіме мен мифтік кейіпкерлері бейнелеген шығармашылық жұмыстары қабылданады. Барлық суреттерді салуда жанр бойынша еркіндік беріледі.


    Ескерту: Шетелдік мультфильмдер мен кейіпкерлері негізінде салынған суреттер қабылданбайды. Тек қана қазақ анимациясына қатысты болуы тиіс.
    Байқауға еліміздің барлық мектеп оқушылары қатыса алады. Биылғы мектеп түлектері мен колледж студенттері қатыса алмайды. Жұмыстардың сканерлік нұсқасын «Ұлан» газетінің npulan@mail.ru электронды поштасына, сонымен қатар, Қазпошта арқылы редакцияға (Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 175 үй, 401, 409, 322-кабинеттер. Мекен-жай туралы толық ақпарат газеттің соңғы бетінде) жіберуге болады. Суреттермен қоса, қатысушының аты-жөні, мектебі, мекен-жайы, телефон нөмірі толық көрсетілуі тиіс.
    Келіп түскен барлық суреттер сол сәтте «Жас өркен» порталында (zhasorken.kz) жарық көреді. Жұмыстар 2017 жылдың 15 қазанына дейін қабылданып, 24 қазан күні шығатын «Ұлан» газетінде қорытындысы жарияланады. Сонымен қатар, үздік жұмыстар «Ақ желкен», «Балдырған» журналдары мен «Ұлан», «Дружные ребята» газеттерінде жарық көреді.
    Жұмыстарды «Қазақфильм» АҚ Анимация бөлімінің мамандары бағалайды. Жеңімпаздарға планшеттер мен ынталандыру иелеріне сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылады.
Читайте также :

Во Франции прошёл показ казахстанских фильмов
19 октября 2017 года в Париже в кинотеатре Club L'Etoile в рамках программы ЮНЕСКО «Современная казахстанская культура в глобальном мире» состоялся показ художественного фильма «Дорога к матери», созданного киностудией «Казахфильм» им. Шакена Айманова...



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2017