• 26.06.2017

    «Қазақфильм»-де сценарийлер байқауының жеңімпаздары анықталды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының  жанындағы «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі сценарийлер  байқауының жеңімпаздарын жариялады.
    Конкурсқа отыздан астам қысқаметражды көркем фильмдер сценарийлері түскен. Олардың ішінен бес жұмыс іріктеліп алынған. «Дебют» ШӨБ таңдауы Қайыржанова Венераның «Тығылмақ»,  Баймұратов Арманның «Тақия»,  Рахметалиев Аленның «Төзім», Жаханов Беріктің «Кешірім»  сондай-ақ, Жылысбаева Ардақтың «Жұт» сценарийлеріне түскен.

    «Қазақфильм» АҚ Эксперттік кеңесінің теңтөрағасы  Бекболат Шекеров іріктеу үрдісі туралы айтып берді:
    – Бізге жіберілген сценарийлердің ішінен бесеуін іріктеп алдық. Олардың барлығы үстіміздегі жылы өндіріске жіберіледі. Төрт туындының режиссері авторлардың өздері болмақ. Ал «Жұт» сценарийін Еспенбетов Жандос есімді жас режиссерге беруді жөн санадық. Мұндай тәжірибе «Дебют» ШӨБ -де көптен бері жасалынбаған болатын.


    Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының ортасында «Қазақфильм» «Дебют» ШӨБ атынан сценарийлер байқауын жариялаған болатын. Шарт бойынша байқауға жас авторлармен қатар өз ісінің кәсіби мамандары да қатыса алатын. Қатысушылардың қатарында: Кенжебек Шайқақов, Ғазиз Насыров, Ардақ Жылысбаева және Тимур Мақажановтар сияқты тәжірибелі авторлар да болды.

    Айта кету керек, «Қазақфильм» қысқаметражды көркем картиналарды 1959 жылдан бастап өндіреді. Кейінірек киностудияда «Дебют»  шығармашылық-өндірістік бірлестігі құрылып, бүгінде оны Анар Қашағанова басқарады.  Көптеген жылдар бойы «Дебют» ШӨБ жыл сайын жаңа есімдерді ашады,  жас кинематографистердің танылуына мүмкіндік береді. Бірлестіктің басты мақсаты – жас кинематографистерді сценарий жазудан бастап пост-продакшнға дейінгі кино өндірісінің үдерісімен таныстыру.

    Іріктеуден өткен сценарийлердің  аннотациялары:

    «Төзім»
    Сценарий авторы әрі режиссері: Рахметалиев Ален
    Анар мейрамханада еден жуушы болып істейді. Оның күйеуі мүгедек, сондықтан тұрмыстағы бар ауыртпалық Анардың мойнына жүктелген. Алайда жолына кезіккен жігіттің қолынан ұстап, өмірін өзгертуге бара ме екен?..

    «Тығылмақ»
    Сценарий авторы әрі режиссері: Қайыржанова Венера
    Бұл екі кішкентай қыз туралы оқиға. Ересектер проблемасына куә болған олар   балалар әлеміне жасырынбақ болып, көшеде «тығылмақ» ойнайды.

    «Тақия»
    Сценарий авторы әрі режиссері: Баймұратов Арман
    Мегаполисте қарапайым адами қарым-қатынасқа орын қалмаған секілді. Үлкен қала өмірі күнделікті күйбеңмен өтеді. Осынау қауырт тіршілікті балконынан бақылайтын Мақсұт есімді қарт кісі өз өмірін өзгертпек болады.  

    «Кешірім»
    Сценарий авторы әрі режиссері: Жаханов Берік
    20 жасар Асан көп жылдардан бері араласпай кеткен әкесінің қайтыс болғанын естиді. Суыт хабарды естіген ол анасы және нағашысымен бірге әкесін соңғы сапарға аттандыру үшін жолға шығады. Асан жол бойы әкесін еске алады. Фильм әке мен баланың қарым-қатынасы туралы баяндайды.  


    «Жұт»
    Сценарий авторы: Ардақ Жылысбаева
    «Жұт» - бұл 1932 жылы Қазақстанның және КСРО-ның басқа да аймақтарында совет билігімен қолдан жасалған жаппай ашаршылық пен репрессия қасыретін кешкен отбасы туралы фильм.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2017