• 30.05.2017

    «Қазақфильм» сценарийлер конкурсының ұзартылғаны туралы жария етті


    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қысқаметрлі көркем фильмдер сценарийлері конкурсы 2017 жылдың 10-ші маусымына дейін ұзартылғаны туралы хабарлады.


    «Қазақфильм» киностудиясының басшылығы мен киностудияға қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі сценарийлерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешімге келіп отыр. Өйткені осының алдында (1 мамырға дейін) жарияланған конкурсқа көптеген қатысушылар өз өтінімдерін жіберіп үлгермеген. Комиссия мүшелері конкурстың міндеті тек режиссурада ғана емес, сценарлық өнерде де таланттарды ашу екендігін және режиссерлерге бұрындары жарияланған әдеби шығармаларға (қазақ және орыс тілдеріндегі жұмыстарға) ден қоюды ұсынады.


    1. Авторлық құқықты тазарту мәселесін конкурсқа қатысушы шешуі тиіс:


    • Немесе автор өзінің әдеби шығармасын сценарийге келтіреді;

    • Немесе автор әдеби шығарма авторынан ресми рұқсат алу арқылы сценарийге келтіреді;

    • Немесе қоғамдық игілікке айналған әдеби шығарманы сценарийге келтіреді (ҚР заңнамасына сәйкес автордың авторлық құқығы бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды және жаңа жылдың бірінші қаңтарынан бастап қоғамдық игілікке айналады.

    Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмiр бойы және басқа тең авторлардан ұзақ өмiр сүрген ең соңғы автор қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды және жаңа жылдың бірінші қаңтарынан бастап қоғамдық игілікке айналады).


    2. Конкурсқа тек Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады.


    3. Конкурсқа қысқаметражды көркем фильмдерге арналған сценарий немесе әдеби шығарма негізінде қазақ не орыс тілдерінде, 5-20 бет көлемінде жазылған сценарийлер (бір немесе бірнеше авторлар бірлесе жазған)қабылданады.


    4. Конкурсқа жолданатын ұсыным тәртібі:

    • Автор туралы қысқа ақпарат және оның осыған дейін жасаған жұмыстары (2 бетке дейін);

    • Аннотация (500 белгіге дейін);

    • Синопсис (1 бет);

    • Толыққанды жазылған сценарий;

    • Авторлық құқық ережелеріне сәйкес шығарманы экрандауға рұқсат ететін куәлікті көрсету;

    • Сценарийге келтірілген әдеби шығарманы басып шығарған баспаға немесе жарияланған БАҚ-ына сілтеме жасау. Конкурстық жұмыстарды debut.kzfilm@gmail.com электронды поштасы арқылы жіберуге болады.


    Комиссия іріктеп алған үздік сценарийлер Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігінде қысқаметражды фильм ретінде өндіріске жіберіледі.


    • Сценарийде төмендегі мазмұндағы сахналар болмауы тиіс: конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді үгіттеу немесе насихаттау; Республиканың тұтастығын бұзу; мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністері, сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көріністер.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019