• 10.05.2017

    Режиссер Талғад Жәнібеков «Феникс» ісі бойынша қаражатты қайтара бастады


    «Қазақфильм» киностудиясының атқарушы директоры Лидия Климованың мәлімдемесі бойынша, бүгін «Феникс» фильмінің түсіріліміне бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталғандардың бірі - режиссер Талғад Жәнібеков ақшаны қайтара бастады.


    Бүгін «Феникс» фильмінің режиссері Талғад Жәнібековтың жары күйеуінің келтірген зиянын қайтару мақсатында алғашқы транш - 200 мың теңгені аударды. Т.Жәнібековтың өзі тұтқында екені белгілі. Ол 2014 жылдың 5 маусымы мен 2015 жылдың 13 мамыры аралығында «Феникс» фильмінің түсіріліміне бюджеттен бөлінген 1 миллион 655 мың 276 теңге қаражатты жымқырып, жеке мұқтажына жұмсады деп айып тағылған болатын.


    Осы орайда айта кететін жайт, аталған іске қатысты басқа да айыпталушылар алған қаражатты қайтара бастады. Картинаның продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов және жеке кәсіпкер Илья Коробейников алған қаражатты жартылай, ал фильмнің атқарушы продюсері Наталья Юдина, сонымен қатар дайындық кезеңде түсіру тобын басқарған Марлен Әбішев және картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев алған қаражатты толық көлемде қайтарды.


    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, жалпы алғанда «Қазақфильм» АҚ «Феникс» фильмінің дайындық алды және дайындық кезеңдеріне «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-ға (Тұңғышбай Жаманқұлов құрылтайшысы) 79 миллион теңге бөлсе, оның 69 миллион теңгесі жымқырылған болып шықты.


    2017 жылдың 9 наурызында осы іске қатысты сот отырысы басталды. Сот алдына 9 адам келді: фильмнің бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссері Талғад Жәнібеков, атқарушы продюсері Наталья Юдина, «Қазақфильм» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бұрыңғы атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, картина редакторы Гизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев, фильмнің дайындық кезеңінде түсірілім тобын басқарған директор Мәрлен Әбішев пен ЖШС өкілі Данияр Әбдіқадыров. Оларға фильмді түсіруге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырды және жымқыруға көмектесті деген айып тағылып отыр.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2017